"Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 наурызда № 14951 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативті-құқықтық актілер тізілімінде № 8621 тіркелген, 2013 жылдың 2 қазанындағы № 224 (28163) "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) қызметінің үлгілік қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернатының) қызметінің үлгілік қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) түрлері қызметінің үлгілік қағидаларындағы:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) қызметінің үлгілік қағидалары";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы) 44-5) тармақшасына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қызметтің үлгілік қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленді және олардың меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың қызмет тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер қолданылады:

      1) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) – оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативті-құқықтық актілер Реестрінде № 8424 тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (бұдан әрі – оқу бағдарламалары) мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей) – оқушылардың бейімділіктерімен қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      3) мамандандырылған мектеп – білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

      3. Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) (бұдан әрі – мамандандырылған мектептер) қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.";

      6-тармақ алынып тасталсын:

      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) қызметінің тәртібі";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мамандандырылған мектептерге оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.

      Мамандандырылған мектептерге жалпы білім беру пәндері бойынша өңірлік, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстардың (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарына сәйкес қабылданады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Республикалық маңыздағы мамандандырылған мектептерді материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы уәкілетті орган, облыстық, республикалық маңыздағы қаланың және астананың мамандандырылған мектептерін материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар дарынды оқушылар үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып тиісті жағдайлар жасалады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      Мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернаты қызметінің үлгілік қағидалары";

      1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернаты қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы) 5-бабының 44-5) тармақшасына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қызметтің үлгілік қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленді және олардың меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың қызмет тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер қолданылады:

      1) "Білім-инновация" лицей-интернаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыратын (тұратын орын ұсынумен қоса) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 8424 тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (бұдан әрі – оқу бағдарламалары) мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      2) мамандандырылған әскери мектеп-интернаты – тұратын орын ұсынумен қоса, оқушылардың әскери істі терең игеруіне бағытталған қосымша білім бағдарламаларын оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      3) мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты - тұратын орын ұсынумен білім алушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      4) мамандандырылған мектеп-интернаты - тұратын орын ұсынумен қоса білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      5) мамандандырылған мектеп-лицей-интернат – тұратын орын ұсынумен білім алушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      6) мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты – тұратын орын ұсынумен қоса музыкалық дарынды балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша оқу бағдарламаларын және оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      7) мамандандырылған спорттық мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж) – тұратын орын ұсынумен қоса спорт саласындағы оқушылардың дарындылығын дамытуға бағытталған қосымша оқу бағдарламаларын және оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      8) мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі) - тұратын орын ұсынумен қоса, хореография саласындағы оқушылардың дарындылығын дамытуға бағытталған қосымша оқу бағдарламаларын және оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

      3. Мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернаты (бұдан әрі – Мектеп-интернаттар) қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген мектеп-интернаттың жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мектеп-интернаттың негізгі мақсаты – дарынды балалардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған, элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін, оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.";

      8-тармақ алынып тасталсын;

      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернаты қызметінің тәртібі";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мектеп-интернатта келесі бағыттар болады: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, хореографиялық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.

      14. Мектеп-интернатқа оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Мектеп-интернатқа жалпы білім беру пәндері бойынша, халықаралық республикалық, өңірлік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстардың (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарына сәйкес қабылданады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Республикалық маңыздағы Мектеп-интернатты материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы уәкілетті орган, облыстық, республикалық маңыздағы қаланың және астананың Мектеп-интернатын материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар дарынды оқушылар үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып тиісті жағдайлар жасалады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1, 2 және 3 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы) 5-бабының 44-5) тармақшасына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қызметтің үлгілік қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленді және оның меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оның қызмет тәртібін айқындайды.

      2. Мамандандырылған мектеп-кешені (бұдан әрі – Мектеп-кешені) - білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 8424 тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (бұдан әрі - оқу бағдарламалары) мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

      3. Мектеп-кешені өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Республикалық маңыздағы мектеп-кешенін материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы уәкілетті орган, облыстық, республикалық маңыздағы қаланың және астананың мектеп-кешенін материалдық техникалық қамтамасыз ету, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар дарынды оқушылар үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып тиісті жағдайлар жасалады.

      14. Мектеп-кешені білім беру үдерісін оқу бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

      1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

      2) бастауыш білім беру;

      3) негізгі орташа білім беру;

      4) жалпы орташа білім беру.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру оқу бағдарламалары, оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев