Қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) беру критерийлерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 15 наурызда № 14902 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Банктер туралы заңның 35-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай критерийлерге сәйкес келетін:
      1) кредиттің мөлшері банктің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген, "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысының (бұдан әрі – № 147 қаулы) талаптарына сәйкес есептелген меншікті капиталының өлшемінен 0,02 (нөль бүтін жүзден екі) пайызынан асатын;
      2) тұрақсыздық айыбын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қамтамасыз ету жиынтығында қарыз алушының берілген кредит бойынша міндеттемелерінің 50 (елу) пайызынан аз жабады не жоқ болатын кредит қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) болып танылатыны белгіленсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын бас банктің еншілес ұйымға берген кредит қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) болып танылмайды.
      3. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген қамтылымсыз кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлері № 147 қаулыға қолданылмайды.
      4. "Қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 336 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8255 тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 129 (28068) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Ұлттық Банк
       Төрағасы Д. Ақышев