Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 наурызда № 14886 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Респуликасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б.Сұлтанов

      2017 жылғы 28 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 75
бұйрығымен бекітілген

Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық деңгейде мемлекет ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу халықты мемлекеттік стратегиялық бағыттар, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру, мемлекеттік билік органдарының және елдің даму процестерінің өзге қатысушыларының қызметі жөнінде ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүргізудің ұйымдастырушысы ақпарат саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болады.

      4. Ұйымдастырушы республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастырады.

2-тарау. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі

      5. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру мынадай тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет қатысатын бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне таратылатын мемлекеттік тапсырманы орындау;

      2) мемлекеттік тапсырысты орындау – мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсетуге тапсырыс (бұдан әрі – Тапсырыс).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Тапсырысты орындау осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Тапсырыс мынадай субъектілер түрлеріне:

      1) мерзімді баспа басылымдарына;

      2) теле-, радиоарналарға, отандық теле-, радиоарналардың эфирінде жасалған өнімнің көрсетілуін қамтамасыз ететін теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілерге;

      3) интернет-ресурстарға беріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ұйымдастырушы тақырыптық бағыттардың тізбесін, Тапсырыстың көлемін бекіту, Тапсырысқа ұсынылған құжаттарды Тапсырыс шарттарына сәйкестігін белгілеу мақсатында оларды қарастыру және тиісті шешім қабылдау үшін алқалы органды (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      9. Комиссияның құрамын уәкілетті органның ведомствосы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік билік органдарының өкілдері қатарынан уәкілетті орган құрады.

      10. Комиссия төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады.

      11. Комиссия мүшелерінің жалпы саны жеті адамнан аспайды.

      12. Уәкілетті органның ведомствосы өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санынан үштен бірін құрауы тиіс.

      13. Комиссияның хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      14. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және қатысушы Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі.

      15. Комиссияның мүшесі егер де оның Тапсырысқа қатысуға тікелей немесе жанама мүддесі бар болса, үміткерлердің өтінімдерін қарауға қатыспайды.

      Егер де Комиссия мүшесінің Тапсырысқа қатысуға тікелей немесе жанама мүддесі болған жағдайда, онда ол Комиссияның төрағасын, мүшелерін және хатшысын бұл жөнінде хабардар етеді.

      16. Комиссияның мүшелері өтінімдерді қарау барысында алынған мәліметтерді жария қылмауға тиіс.

      17. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      18. Комиссия жыл сайын 25 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатының басым бағыттарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға тақырыптық бағыттардың тізбесін және Тапсырыс көлемін бекітеді.

      19. Комиссия күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпарат саясатының басым бағыттарын ескере отырып, тақырыптық бағыттардың тізбесіне және Тапсырыс көлеміне тиісті өзгерістер енгізеді.

      20. Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру құқығы берілетін мерзімді баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды және теле-, радиоарналарды, отандық теле-, радиоарналардың эфирінде өндірілген өнімнің көрсетілуін қамтамасыз ететін теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілерді айқындау мақсатында Ұйымдастырушы уәкілетті органның интернет-ресурсында Тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарламаны, тақырыптық бағыттар мен көлемді қоса, оның өту күніне дейін кемінде күнтізбелік он алты күннен бұрын орналастырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Тапсырысқа қатысу үшін үміткер ақпараттық хабарлама орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тапсырыстың шарттарына сәйкестікті растайтын өтінімді ұсынады.

      Осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес өтінімге мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі қоса беріледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткенге дейін қабылданған өтінімдер қағаз түрінде қайтарып алынуы мүмкін.

      Тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

      23. Комиссия Тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімде және орында өтінімдермен конверттерді ашады.

      23-1. Толық емес құжаттар пакетін ұсыну оларды комиссиямен қарауға жібермеуге негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 23-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Комиссия кезекті отырыста осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға телеарналарды, радиоарналарды, отандық теле-, радиоарналардың эфирінде өндірілген өнімнің көрсетілуін қамтамасыз ететін теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілерді, мерзімді баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды айқындауға арналған балдық бағалау бойынша Тапсырысқа қатысушаларды бағалайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-1. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау үшін телеарналар мен теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілерді, радиоарналарды, мерзімді баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды айқындауға арналған балдық бағалаудың негізінде Тапсырыс қатысушыларының шығармашылық ұсыныстары Тапсырысқа қатысуға рұқсат берудің негізгі өлшемшарты болып табылады.

      Қатысушының тақырыптық бағыттар бойынша қызметтерді көрсету ұсыныстары шығармашылық ұсыныстар болып табылады. Шығармашылық ұсыныстардың ресімделуі мен мазмұны қатысушымен дербес анықталады.

      Шығармашылық ұсыныстардың болмауы немесе олардың мәлімделген тақырыптық бағыттарға сәйкес келмеуі Тапсырысқа қатысуға рұқсат бермеуге негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-2. Мерзімді баспа басылымдары мен интернет-ресурстар арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыруға үміткерлердің шығармашылық ұсыныстары бұл шығарылым тәсілін (арнайы айдарлар мен жобаларды жасау, аналитикалық материалдар, жаңалықтық хабарламалар, сұхбат, шолу мақаласы) және өнімді интернет желісінде тиісті жылжытуды сипаттайтын тақырыптық бағыттарға сәйкес көрсетілетін қызметті орындау жобасын қамтитын құжаттар пакеті.

      Теле-, радиоарналар мен теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілер арасындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыруға үміткерлердің шығармашылық ұсыныстары бұл тақырыптық бағытқа сәйкес дыбыс-бейне өнімі жобасының тұжырымдамасын, соның ішінде оның бірегейлігін, әлеуетті аудиториясын сипаттайтын тұжырымдаманы, жобаның синопсисін, сондай-ақ жобаның демонстративті пилотты бейнесін (үміткердің қарауы бойынша) қамтитын құжаттар пакеті.

      Ескерту. 2-тарау 24-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Тапсырысқа қатысуға тек бір өтінім жіберілген жағдайда, онда оны берген қатысушы балдық бағалауды қолданусыз Тапсырыстың жеңімпазы деп танылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Балдық бағалаудың қорытындысы бойынша мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, отандық теле-, радиоарналардың эфирінде өндірілген өнімнің көрсетілуін қамтамасыз ететін теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілер мен интернет-ресурстар арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін Тапсырыстың тақырыптық бағыттары және көлемдері бөлінеді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша өтінімдерді ашқан күннен бастап, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде Тапсырыс қорытындыларының хаттамасы ресімделеді.

      Қорытындылардың хаттамасына Комиссияның кезекті отырысында төраға және Комиссия мүшелерінің қатысушылары қол қояды.

      28. Комиссия шешімінің қорытындысы бойынша Тапсырыстың жеңімпаздарымен мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуге шарт жасалады.

      29. Комиссияның хаттамасына сәйкес Тапсырыс берілген Тапсырыс қатысушысы Тапсырыс қорытындыларының хаттамалары жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен шарт жасасады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Тапсырысқа қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда Тапсырыс өтпеген болып танылады.

      31. Тапсырыс өткізілмеген деп танылған жағдайда, Тапсырыстың ұйымдастырушысы Тапсырысты қайта жүзеге асырады.

      32. Комиссия Тапсырысты қайта өткізу туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Ұйымдастырушы Тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін күнтізбелік он күннен бұрын уәкілетті органның интернет-ресурсында Тапсырысты қайта жүзеге асыру туралы ақпараттық хабарламаны орналастырады.

  Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

________ бойынша Тапсырысқа қатысуға өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) / тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (жеке тұлғалар үшін):__________________________________;

      2. Тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін)/ заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін):______________________________________________________;

      3. Телефон (факс) нөмірі:_________________________________________;

      4. БАҚ атауы (мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар үшін):_____________________________________________;

      5. БАҚ-қа есепке қою туралы куәліктің нөмірі (мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар үшін):______________.

      ____________________________ ___________

      тегі, аты-жөні                   қолы

      мөр орны (бар болған жағдайда)

      20__ жыл "__" ____________

  Республикалық деңгейде
мемлекеттік ақпарат саясатын
жүргізу жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
1-1-қосымша

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Телеарналар үшін өтінімге мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасының Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператының" эфирлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында телеарнаның хабар таратуын растайтын хат;

      2) "Қазақстан Республикасының Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператының" цифрлық эфирлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында телеарнаның хабар таратуын растайтын хат;

      3) бөлімдер бойынша таныстырылым түріндегі және қағаз тосығыштағы портфолио;

      4) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, штаттық және штаттан тыс қызметкерлермен шарттық міндеттемелердің бар-жоғын куәландыратын құжаттар көшірмелері;

      5) өз өндірісіндегі контентті таратудың апта сайынғы көлемі (пайыздық қатынаста және өз өнімінің тізбесімен) туралы растайтын хат (соңғы 2 тоқсан бойынша)

      6) өзіндік аудиовизуалды өнімдердің жанр бойынша рейтингісіне телеөлшеулер жүргізетін тәуелсіз компаниядан растайтын хат;

      7) тақырыптық бағыт бойынша шығармашылық ұсыныс қоса беріледі.

      2. Радиоарналар үшін өтінімге мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператының" эфирлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында радиоарнаның хабар таратуын ұйымдастыру туралы растайтын хат;

      2) басшының қолтаңбасымен және мөрімен расталатын сайттың бар-жоғы туралы сайттың скриншоты қоса берілген анықтама;

      3) басшының қолтаңбасымен және мөрімен расталатын әлеуметтік желілердің скриншоттары және сілтемелері қоса берілген әлеуметтік желілерде аккаунттарының бар-жоғы туралы анықтама;

      4) бөлімдер бойынша таныстырылым түріндегі және қағаз тасығыштағы портфолио;

      5) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен және мөрмен куәландырылатын, штаттағы және штаттан тыс қызметкерлермен шарттық міндеттемелердің бар-жоғын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      6) тақырыптық бағыт бойынша шығармашылық ұсыныс қоса беріледі.

      3. Мерзімді баспа басылымдары өтінімге мыналар:

      1) мерзімді баспа басылымын есепке қою туралы куәлік;

      2) баспаханадан біржолғы тиражының саны туралы анықтама;

      3) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, интернет-ресурстың бар-жоғын растайтын скрин-көшірмесімен қоса берілген құжат;

      4) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен расталған, мерзімді баспа басылымдарының әлеуметтік желілеріндегі аккаунттың бар-жоғы туралы скриншот;

      5) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, штаттық және штаттан тыс қызметкерлермен шарттық міндеттемелердің бар-жоғын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

      6) тақырыптық бағыт бойынша шығармашылық ұсыныс қоса беріледі.

      *Ескертпе:

      - мерзімді баспа басылымы қайта есепке алынған жағдайда, алғашқы есепке қойылған күні ескеріледі;

      - баспа басылымының бір апта, ай ішінде әртүрлі тираж саны болған жағдайда, оның ең азы есепке алынады.

      4. Интернет-ресурстар өтінімге мыналар:

      1) өтініш берушінің бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, арнайы веб-ресурстан алынған соңғы бір ай ішіндегі қолданушылардың санын растайтын құжат;

      2) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, арнайы веб-ресурстан алынған интернет-ресурстың мобильдік нұсқасын (болған жағдайда) растайтын құжат;

      3) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, арнайы веб-ресурстан алынған интернет-ресурстың бейімделген мобильдік нұсқасының (бар болған жағдайда) бар-жоғын растайтын құжат;

      4) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, штаттық және штаттан тыс қызметкерлермен шарттық міндеттемелердің бар-жоғын куәландыратын құжаттар көшірмелері;

      5) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, интернет-ресурста онлайн-конференциялар жүргізу мүмкіндігін растайтын құжат;

      6) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, интернет-ресурстың әлеуметтік желілерінде аккаунттың бар-жоғы туралы скриншот;

      7) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар қоса беріледі.

      5. Теле және/немесе радиоөнімдерді өндірушілер өтінімге мыналар:

      1) АБӨ өндіру тәжірибесінің бар-жоғы туралы электрондық және қағаз тасығыштағы портфолио;

      2) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастырған адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған, Интернетте шыққан аудиовизуалды өнімдердің танымалдылығын (жалпы қаралған саны) қамтитын құжат;

      3) бірінші басшының қолымен және мөрімен куәландырылған, аудиобейне өнімдерінің тапсырыс беруші серіктестердің саны туралы мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ басшының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған, тапсырыс-беруші серіктестердің растайтын хаттары қоса берілетін құжат;

      4) теле-, радиоарналардың эфирінде аудиовизуалды өнімдердің орналастырылуын растайтын эфирлік анықтамалар;

      5) тақырыптық бағыттың шеңберінде жасалатын аудиовизуалды өнімдерді 40%-дан кем емес таратылым көлеміндегі аналогтық және/немесе цифрлық хабар тарату желілері бойынша көрсетілетін теле-, радиоарнаның эфирінде орналастыруға қатысты теле-, радиоарнамен алдын ала шарт;

      6) теле және/немесе радиобағдарламар өндірушінің жанрлар бойынша өзінің аудиовизуалды өнімдерінің рейтингісінде телеөлшеуді жүзеге асыратын тәуелсіз компаниядан растайтын хат;

      7) тақырыптық бағыт бойынша шығармашылық ұсыныстар қоса беріледі.

  Республикалық деңгейде
мемлекеттік ақпарат саясатын
жүргізу жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау үшін телеарналар мен теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілерді айқындауға арналған балдық бағалау

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.02.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1-кесте

Өлшемшарт

  Бағалау

1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1*

Эфирлік (аналогтық пен цифрлық) хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында телеарналардың хабар таратылуын ұйымдастыру

20%-дан көп емес хабар тарату - 1

21%-дан 40%-ға дейін хабар тарату - 2

41%-дан 60%-ға дейін хабар тарату - 3

61%-дан 80%-ға дейін хабар тарату - 4

81%-дан кем емес хабар тарату - 5

2*

Техникалық, шығармашылық және/немесе журналисттік блоктағы қызметкерлер құрамының болуы (қоса алғанда)

10 адамнан көп емес - 1

11-нан 20 адамға дейін - 2

21-ден 30 адамға дейін - 3

31-ден 40 адамға дейін - 4

41 адамнан кем емес - 5

3*

Өз өндірісіндегі контентті таратудың апта сайынғы көлемі

20%-дан көп емес - 1

21%-дан 30%-ға дейін - 2

31%-дан 40%-ға дейін - 3

41%-дан 50%-ға - 4

51%-дан кем емес - 5

4**

Теле-, радиоарналардың эфиріне шыққан аудиовизуалды өнімдердің саны

10-нан 19-ға дейін - 1

20-дан 29-ға дейін - 2

30-дан 39-ға дейін - 3

40–тан 49-ға дейін - 4

50-ден кем емес – 5

5**

Аудиовизуалды өнімдердің тапсырыс беруші серіктестердің саны

1-ден 10-ға дейін - 1

11-ден 20-ға дейін - 2

21-ден 30-ға дейін - 3

31-ден 40-қа дейін - 4

41-ден кем емес – 5

6**

Өндірілген аудиовизуалды өнімдердің Интернеттегі танымалдылығы (қоса алғанда)

9 999 артық емес - 1

10 000 – нан 19 999 – ға дейін - 2

20 000 – нан 29 999 – ға дейін - 2

30 000 – нан 39 999 – ға дейін - 2

40 000 кем емес - 5

7

Аудиовизуалды өнімдер өндірісі тәжірибесінің болуы

Телесериалдарды өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен кем емес – 2

Деректі фильмдерді өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен кем емес – 2

Бағдарламаларды өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен кем емес – 2

Бейнероликтерді өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен кем емес – 2

8

Телеарна/ теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушінің аудиовизуалды шығармаларының рейтингісі
(жанр бойынша)

Көркем жанр

≤0,8 – 1
0,9 - 1,7 – 2
≥1,8 – 3

Ойын-сауық жанры

≤0,8 – 1
0,9 - 1,5 – 2
≥1,6 - 3

Жаңалық жанры

≤0,3 - 1
0,4 - 1,3 – 2
≥1,4 - 3

Әлеуметтік-саяси жанр

≤0,1 – 1
0,2 - 0,6 – 2
≥ 0,7 - 3

Гуманитарлық жанр

≤0,5 – 1
≥ 0,6 - 2

9

Аудиовизуалды өнімдерді өндіру бойынша шығармашылық ұсыныстарын қалай бағалайсыз?

жаман - 0

қанағаттанарлықсыз - 1

қанағаттанарлық - 2

жақсы - 3

өте жақсы - 4

      Ескертпе:

      * - тек телеарналарды бағалау үшін қолданымды;

      ** - өндірілген өнімнің отандық теле-, радиоарналардың эфирінде көрсетілуін қамтамасыз ететін теле және/немесе радиобағдарламалардың өндірушілерін бағалау үшін ғана қолданымды;

      7-тармақта "телесериалдарды өндіру тәжірибесі", "деректі фильмдерді өндіру тәжірибесі", "бағдарламаларды өндіру тәжірибесі", "бейнероликтерді өндіру тәжірибесі" бөлімдерінің балдары қосылады;

      8-тармақта "Көркем жанры", "Ойын-сауық жанры", "Жаңалық жанры", "Әлеуметтік-саяси жанр", "Гуманитарлық жанр" бөлімдерінің балдары қосылады.

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау үшін радиоарналарды айқындауға арналған балдық бағалау

  2-кесте

Өлшемшарт

Бағалау

1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1

Эфирлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында радиоарналардың хабар таратылуын ұйымдастыру

10%-дан көп емес радио хабарларын тарату - 1

10%-дан 15%-ға дейін радио хабарларын тарату - 2

15%-дан 30%-ға дейін хабар тарату - 3

31%-дан 40%-ға дейін хабар тарату - 4

41%-дан кем емес хабар тарату - 5

2

Радиоарна сайтының болуы

Навигациясыз жай сайттың болуы - 1

Сайт бойынша қолайлы интерфейстің және навигацияның болуы - 2

Қолайлы интерфейстің және шығарылған материалдардың электрондық мұрағатының болуы– 3

Қолайлы интерфейстің және шығарылған материалдардың электрондық мұрағатының және арнаның онлайн-трансляциясының болуы – 4

Жоғарыда көрсетілген элементтердің болуы - 5

3

Әлеуметтік желілерде кем дегенде 2 аккаунттың болуы

1000 жазылушыдан көп емес болуы - 1

1001-ден 3000-ға дейін жазылушыдан көп емес - 2

3001-ден 8000 жазылушыға дейін - 3

8001-нан 10000 жазылушыға дейін – 4

10000 жазылушыдан кем емес - 5

4

Аудио өнімдерді өндіру тәжірибесінің болуы

Радиобағдарламаларды өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен 9-ға дейін – 2
10-нан кем емес – 3

Аудиоджинглдарды өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен 9-ға дейін – 2
10-нан кем емес – 3

5

Техникалық, шығармашылық және журналисттік блоктағы қызметкерлер құрамының болуы (қоса алғанда)

10 адамнан көп емес - 1

11-ден 15 адамға дейін – 2

16-ден 20 адамға дейін – 3

21-ден 30 адамға дейін – 4

30 адамнан кем емес – 5

6

Аудиовизуалды өнімдерді өндіру бойынша шығармашылық ұсыныстарын қалай бағалайсыз

жаман - 0

қанағаттанарлықсыз - 1

қанағаттанарлық - 2

жақсы - 3

өте жақсы - 4

      Ескертпе:

      4-тармақта "Радиобағдарламаларды өндіру тәжірибесі", "Аудиоджинглдарды өндіру тәжірибесі" бөлімдерінің балдары қосылады.

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға мерзімді баспа басылымдарын айқындауға арналған балдық бағалау

  3-кесте

Қлшемшарт

  Бағалау

1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1*

Газет тиражы

3000 данаға дейін - 1

3000 данадан 10000 данаға дейін - 2

10000 данадан 20000 данаға дейін - 3

20000 данадан 30000 данаға дейін – 4

30000 данадан бастап - 5

2*

Газет интернет-ресурсының болуы

Сайттың болуы - 1

1 әлеуметтік желіге байланған, 300-ден кем емес жазылушылары бар - 2

2 әлеуметтік желіге байланған, 400-ден кем емес жазылушылары бар - 3

3 әлеуметтік желіге байланған, 500-ден кем емес жазылушылары бар – 4

4 әлеуметтік желіге байланған, 600-ден кем емес жазылушылары бар - 5

3*

Газеттің шығу мерзімділігі

аптасына 1 рет - 1

аптасына 2 рет - 2

аптасына 3 рет - 3

аптасына 4 рет - 4

аптасына 5 немесе одан да көп рет - 5

4**

Журналдарға арналған тираж

500 данаға дейін - 1

500-ден 1000 данаға дейін - 2

1000-нан 5000 данаға дейін - 3

5000-нан 10000 данаға дейін – 4

10000 данадан бастап - 5

5**

Журнал интернет-ресурсының болуы

Сайттың болуы - 1

1 әлеуметтік желіге байланған- 2

2 әлеуметтік желіге байланған- 3

3 әлеуметтік желіге байланған– 4

4-тен көп әлеуметтік желіге байланған - 5

6**

Журналдың шығу мерзімділігі

Тоқсанына 1 рет - 1

2 айда 1 рет - 2

Айына 1 рет - 3

Айына 2 рет - 4

Айына 3 рет - 5

7

Мерзімді баспа басылымды есепке алу немесе қайта есепке алу мерзімі

1 жылға дейін - 1

1 жылдан 3 жылға дейін - 2

3 жылдан 5 жылға дейін - 3

5 жылдан 7 жылға дейін - 4

7 жылдан бастап - 5

8

Журналистік қызметкерлер құрамының болуы (техникалық, шығармашылық және журналисттік)

өте жақсы - 5

Кем дегенде 3 адам- 2

Кем дегенде 5 адам- 3

Кем дегенде 7 адам- 4

Кем дегенде 10 адам - 5

9

Баспа БАҚ бірегейлігі

Негізінен ақпараттық хабарламаларды жариялау – 1

Қайта басудың жоғары деңгейі - 2

Контент негізінен өз материалдарынан тұрады - 3

Сарапшылардың пікірлерін жүйелі түрде шығару - 4

Эксклюзивті материалдардың көптігі - 5

10

Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстар

жаман -0

қанағаттанарлықсыз - 2

қанағаттанарлық - 3

жақсы - 4

өте жақсы - 5

      *Ескертпе:

      * - тек газеттерді бағалау үшін қолданылады;

      ** - тек журналдарды бағалау үшін қолданылады;

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға интернет-ресурстарды айқындауға арналған балдық бағалау

  4-кесте

Өлшемшарт

  Бағалау

1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1

Қараушылар саны

айына 500 000-ға дейін - 1

айына 1 000 000-ға дейін - 2

айына 2 000 000-ға дейін - 3

айына 5 000 000-ға дейін - 4

5 000 000-нан жоғары - 5

2

Мобильдік қосымшаның болуы

10 000-ға дейінгі жүктеу- 1

50 000-ға дейінгі жүктеу - 2

100 000-ға дейінгі жүктеу - 3

500 000-ға дейінгі жүктеу – 4

500 000-нан жоғары жүктеу - 5

3

Сайттың бейімделген мобильдік нұсқасының болуы

жоқ - 1

бар - 2

4

Интернет порталдың жұмыс процесін ұйымдастыру деңгейі
өзінің журналистері,
техникалық мамандары, аудармашылары

Штатта журналисттер жоқ - 1

Штатта 1 журналист - 2

Штатта 2 журналист бар - 3

Қызметкерлер лауазымдарды қатар атқарады - 4

Журналистерден басқа фотокорреспонденттер, аудармашылар, редакторлар және т.б. жұмыс істейді- 5

5

Онлайн-конференцияларды өткізудің техникалық мүмкіндіктері

жоқ - 1

бар - 2

6

Әлеуметтік желілерде аккаунттардың болуы және жазылушылардың саны (бір әлеуметтік желіде)

Жазылушылар саны 20000-нан аз -1

Жазылушылар саны 30000-нан аз - 2

Жазылушылар саны 40000-нан аз - 3

Жазылушылар саны 50000-нан аз - 4

Жазылушылар саны 60000 және одан көп - 5

7

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру жөніндегі ұсыныстар

жаман – 1

қанағаттанарлықсыз - 2

қанағаттанарлық - 3

жақсы - 4

өте жақсы - 5

8

Интернет порталдың бірегейлігі:
өз мақалаларының саны,
айдарлардың болуы және саны,
бірегей жоба/айдар/қызмет,
қандай да бір ақпаратты шығаруға эксклюзивті құқықтар

Жаңалықтар агрегаторы – 1

Қайта басудың жоғары деңгейі - 2

Контент өз материалдарынан тұрады - 3

Өз айдарлары мен бөлімдері бар - 4

Көп эксклюзивті материалдар - 5

9

Интернет порталдың беделін қалай бағалайсыз?

жаман -0

қанағаттанарлықсыз - 2

қанағаттанарлық - 3

жақсы - 4

өте жақсы - 5