БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 12066 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Орталыққа және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) білім туралы құжаттарды тану рәсімі бойынша - көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) ай (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
2) білім туралы құжаттарды нострификациялау рәсімі бойынша - көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).
Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымына және (немесе) көрсетілген білім беру ұйымы қарамағына жататын білім беру саласындағы басқару органына тануға/нострификациялауға ұсынылған білім туралы құжаттың білім мазмұнын, білім алу нысанын сипаттайтын мәліметерді ұсыну және құжатты берген ұйым орналасқан мемлекетте білім туралы құжаттың танылуы туралы тиісті сұраныс жолданған жағдайда білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініштерді қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылады.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
Білім туралы құжаттарды тану бойынша:
1) күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде мемлекеттік қызметті алушының оқығанын растау мақсатында шетелдік білім беру ұйымына сұрау жолдауы. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылады;
2) күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде білім туралы құжатқа сараптамалық бағалау жүргізу;
3) Орталықтың сараптамалық бағалау хаттамасынан үзінді және оқығанын растайтын ақпараты бар құжаттарды қарастыру үшін үшін көрсетілетін қызмет берушіге күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде жолдауы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің сараптамалық бағалау қорытындысын күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қарауы және бұйрық дайындауы;
5) көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде бұйрықты Орталыққа жолдауы;
6) Орталықтың күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде бұйрық негізінде куәлік толтыруы;
7) Орталықтың күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде куәлікті бекіту үшін көрсетілетін қызметі берушіге жіберуі;
8) көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде куәлікті бекітуі, базаға енгізуі және Орталыққа жіберуі;
9) Орталықтың мемлекеттік қызметті алушыға куәлікті беруі.
Білім туралы құжаттарды нострификациялау бойынша:
1) күнтізбелік 10 (он) күн ішінде мемлекеттік қызметті алушының оқығанын растау мақсатында шетелдік білім беру ұйымына сұрау жолдауы және білім туралы құжаттарды сыртқы сарапшыларға жіберуі. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылады;
2) күнтізбелік 43 (қырық үш) күн ішінде сыртқы сарапшылардың білім туралы құжаттарды сараптаудан өткізуі және сараптама қортындыларын сараптамалық комиссия отырысында қарауы;
3) Орталықтың сараптамалық комиссия отырысы хаттамасынан үзінді және оқығанын растайтын ақпараты бар құжаттарды қарастыру үшін күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызмет берушіге жолдауы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің сараптау комиссиясының қорытындысын Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі - ҚР МЖБС) сәйкестігін күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қарауы және бұйрық дайындауы;
5) көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде бұйрықты Орталыққа жолдауы;
6) Орталықтың күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде бұйрық негізінде куәлік толтыруы;
7) Орталықтың күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде ішінде куәлікті бекіту үшін көрсетілетін қызметі берушіге жіберуі;
8) көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде куәлікті бекітуі, базаға енгізуі және Орталыққа жіберуі;
9) Орталықтың мемлекеттік қызметті алушыға куәлікті беруі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:
1) 1-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде құжатты тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
2) 2-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатты күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарына жолдайды;
3) 3-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары құжатты күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды;
4) 4-рәсім - жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы күнтізбелік күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде бөлімше қызметкерлерінің қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
5) 5-рәсім - күнтізбелік 17 (он жеті) күн ішінде жауапты орындаушы құжаттардың ҚР МЖБС сәйкестігін тексереді және шешім (бұйрық) қалыптастырады және шешімді тексеру үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жолдайды;
6) 6-рәсім - күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы шешімді (бұйрықты) тексереді және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарына жолдайды;
7) 7-рәсім - күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары шешімді тексереді және қол қояды;
8) 8-рәсім - қол қойылған шешім күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде куәлік толтыру үшін Орталыққа жолданады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут:
1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді;
2) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорация операторына дайын құжаттар топтамасын тапсырады;
3) 3-процесс - мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін анықтауы;
4) 4-процесс - мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды;
5) 5-процесс - мемлекеттік корпорация операторының құжаттарды қабылдағаны туралы қол-хат беруі;
6) 6-процесс - мемлекеттік корпорация операторының құжаттар топтамасын Орталыққа күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде жолдауы;
7) 7-процесс - 2 (екі) ай ішінде білім туралы құжаттарды тану туралы және 3 (үш) ай ішінде білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы шешім шығарылады және дайын куәліктер мемлекеттік корпорацияға жібереді;
8) 8-процесс - мемлекеттік корпорация операторы дайын куәлікті береді.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.Ә. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы А.Ә. Пірімқұловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |