1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (А.Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ихсановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
К.Утегенов |
2016 жылғы 9 қарашадағы № 785 Бөрлі ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Бөрлі ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 "Бөрлі ауданы бойынша 2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4253 тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған);2. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 42 "Бөрлі ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 тіркелген, 2016 жылғы 24 наурызда "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған);
3. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 108 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-125 тіркелген, 2012 жылғы 6 сәуірде "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған).