"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 59 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 сәуірде № 4317 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.К.Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н.Ноғаев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
1 наурыздағы №59
қаулысымен бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы №9-1/1018 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда №12523 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) өтініштерді мақұлдаған жағдайда кепіл берушінің немесе сақтандыру ұйымының есеп шотына субсидия қаражатын аудару.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде
      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме Стандарттың 1-қосымшасына инвестициялық субсидиялауға арналған өтініш болып табылады, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) болады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) оператор көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде оларды қабылдауды, тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады;
      2) оператор көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда оператор нақты кемшіліктерді көрсете отырып оларды жою үшін, ұсынылған құжаттарды қарыз алушыға қайтарады;
      көрсетілетін қызметті алушының және оның кредитінің мемлекеттік қызмет көрсетудің шарттарына сәйкестігін тексереді;
      комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді;
      ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, комиссия төрағасының келісімі бойынша отырыстың күнін, уақыты мен өтетін орнын айқындайды;
      көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қоса бере отырып, тізімді және құжаттардың толық топтамасын комиссияның қарауына енгізеді;
      3) комиссия 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешімді оператордың ұсынымдарын басшылыққа ала отырып қабылдайды;
      4) көрсетілетін қызметті беруші оң шешімі бар комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде банк қызметтерін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар қаржы институттарына, қаржы ұйымдарына, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына (бұдан әрі – кепіл беруші), немесе сақтандыру бойынша комиссияны субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы кепіл берушімен немесе сақтандыру ұйымымен шарт жасасады;
      5) кепіл беруші немесе сақтандыру ұйымы шартқа қол қойғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру немесе сақтандыру шартына қол қояды және оны екінші деңгейдегі банктерге, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына, сондай-ақ банк қызметтерін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдарға (бұдан әрі – кредитор) жібереді;
      6) кредитор кепіл берушіден кепілдендіру шартын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін береді;
      7) көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру немесе сақтандыру шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өздігінен және бір мезгілде кепіл берушіге немесе сақтандыру ұйымына төлейтін кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады;
      8) кредитор қарыздарын кепілдендіру/сақтандыру шеңберінде субсидиялау кезінде көрсетілетін қызметті алушы кредит берілгеннен кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына жолдайды;
      9) қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау кезінде кредитор сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған қол қояды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қарыз алу шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредиттің нақты берілуін жүзеге асырады;
      10) қарыздарын кепілдендіру/сақтандыру шеңберінде субсидиялау кезінде кепіл беруші кредит берілгеннен кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде операторға көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және оның кепілдендіру/сақтандыру комиссиясын ішінара төлеу туралы мәліметтерді жолдайды;
      11) оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті хат жолдайды;
      12) көрсетілетін қызметті беруші оператордан хатты алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде кепіл берушінің немесе сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады.
      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс - қимылының) нәтижесі:
      1) оператор құжаттарды қабылдайды, тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады;
      2) оператор құжаттардың толық топтамасын тексереді, комиссияның қарауына құжаттар топтамасын енгізеді;
      3) комиссия өтінімдерін мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешімді қабылдайды;
      4) көрсетілетін қызметті беруші кепіл берушімен немесе сақтандыру ұйымымен шарт жасасады;
      5) кепіл беруші немесе сақтандыру ұйымы кепілдендіру немесе сақтандыру шартына қол қояды кредиторға жібереді;
      6) кредитор кепіл берушіден кепілдендіру шартын алғаннан кейін оған қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді;
      7) көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру немесе сақтандыру шартына қол қойғаннан кейін кепіл берушіге немесе сақтандыру ұйымына төлейтін кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады;
      8) кредитор қарыздарын кепілдендіру/сақтандыру шеңберінде субсидиялау кезінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына жолдайды;
      9) қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау кезінде кредитор қызметті алушыға кредиттің нақты берілуін жүзеге асырады;
      10) қарыздарын кепілдендіру/сақтандыру шеңберінде субсидиялау кезінде операторға көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және оның кепілдендіру/сақтандыру комиссиясын ішінара төлеу туралы мәліметтерді жолдайды;
      11) оператор ұсынылған құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті хат жолдайды;
      12) көрсетілетін қызметті беруші кепіл берушінің немесе сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) оператор;
      2) комиссия;
      3) көрсетілетін қызметті беруші;
      4) кепіл беруші;
      5) кредитор;
      6) сақтандыру ұйымы.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Стандарттың 4-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы