Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.К.Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н.Ноғаев |
2016 жылғы 16 ақпандағы № 40 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған
құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 12437 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделген субсидиялар төлеу туралы шешім болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есептелген шекте бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтініш болып табылады.6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ұсынған сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде оларды қабылдауды, тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті алғаннан кейiн 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік кірістер органдарын өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, оны алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді;
4) мемлекеттік кірістер органдары 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарынан алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген мәліметтерге салыстыра тексеру жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына субсидияларды төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастырушы адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұйрықпен субсидия төлеу туралы шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы субсидияларды төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындаушы ұйымның шотына субсидияны аударады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) мемлекеттік кірістер органдары;
5) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады
10. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Стандарттың 4-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |