"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 64 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 4536 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 26 қарашада № 3558 тіркелген, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 50 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
       кіріспе сөз келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 - бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров

      Келісілді:
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов

      2016 жылғы "17" наурыз