"2016 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 05 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 ақпанда № 4390 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 79 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № 79 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының негізінде Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 316 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 07 желтоқсанда 4260 нөмірімен тіркеліп, "ЛЗ-Сегодня" газетінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 52 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
      "2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шемонаиха ауданының әкімі А.Тоқтаров