"2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 263 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 34 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 4428 болып тіркелді

Қолданыстағы
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 263 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4273 тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 104 (613), "Пульс района" газетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 104 (6932) жарияланған) қаулысына келесідей өзгертулер енгізілсін:
      аталған қаулының 3 - тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "3. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;";
       аталған қаулының 2, 15 – тармақтары алынып тасталсын;
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов