Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 13613 "2016 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 14471 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 ақпанда № 4398 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 13613 "2016 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4247 тіркелген, 2015 жылғы 23 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы "Дидар", 2015 жылғы 25 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      2), 3) тармақшалар келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;";
      15) тармақша жойылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов