"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы N 67 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 сәуірде N 4512 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 12523) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы "14" наурыздағы
№ 67 қаулысымен
бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы көрсетеді.
      Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының есеп шотына субсидия қаражатын аудару (мақұлданған жағдайда).
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 12523) бұйрығына бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың болуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1-іс-қимыл – субсидиялауды жүзеге асыру үшін облыс әкімінің өкімімен құрамында комиссия төрағасы, мүшелері және хатшы бар комиссия құрылады.
      Комиссияның жұмыс органы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады;
      2-іс-қимыл – жұмыс органы мен оператордың арасында операторлық қызметтер көрсету жөнінде шарт жасалады;
      3-іс-қимыл – оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін облыс аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық әкімдіктің интернет-ресурсында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру кезінде кепілдендіру бойынша комиссияның/сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады. Орындалу ұзақтығы - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      4-іс-қимыл – оператордың Сандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы. Орындалу ұзақтығы - 30 (отыз) минут;
      5-іс-қимыл – оператор көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, оператор оларды жою үшін нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;
      көрсетілетін қызметті алушының және оның кредитінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 12183) бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарына сәйкестігін тексереді;
      комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді;
      ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, комиссия төрағасының келісімі бойынша отырыстың күнін, уақыты мен өтетін орнын айқындайды;
      көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қоса бере отырып, тізімді және құжаттардың толық топтамасын комиссияның қарауына енгізеді. Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді комиссия оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және хаттама түрінде ресімдейді. Орындалу ұзақтығы - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      7-іс-қимыл – оператор комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына жолдайды. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      8-іс-қимыл – жұмыс органы оң шешімі бар комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін Қағидалардың шарттарына сәйкес кепілдік/сақтандыру бойынша комиссияны субсидиялау шарттары мен тәртібі туралы кепіл берушімен/сақтандыру ұйымымен шарт жасасады. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      9-іс-қимыл – кепіл беруші/сақтандыру ұйымы жоғарыда көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының кредитінің бір бөлігін кепілдендіру/сақтандыру шартына қол қояды және оны кредиторға жібереді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      10-іс-қимыл – кредитор кепіл берушіден/сақтандыру ұйымынан кепілдендіру/сақтандыру шартын алғаннан кейін оған қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін береді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      11-іс-қимыл – кредитор:
      көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру/сақтандыру шартына қол қойғаннан кейін онымен қарыз шартын жасасады және кредитті нақты беруді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      12-іс-қимыл – кепіл беруші/сақтандыру ұйымы кредит берілгеннен кейін операторға көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және оның кепілдендіру комиссиясын/сақтандыру сыйлықақысын ішінара төлеу туралы мәліметтерді жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      13-іс-қимыл - оператор ұсынылған құжаттарды қарайды және жұмыс органына тиісті хат жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      14-іс-қимыл – жұмыс органы хат алғаннан кейін кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі операторға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 48 (қырық сегіз) жұмыс күні.
      6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимылдың нәтижесі облыс әкімінің комиссия құру туралы өкімі болып табылады, ол 2-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі жұмыс органы мен оператордың арасында жасалған операторлық қызметтер көрсету жөніндегі екі жақты шарт болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі оператордың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның/сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастыруы болып табылады, ол 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі оператордың көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы болып табылады, ол 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі оператордың ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексеруі және комиссияның қарауына енгізуі болып табылады, олар 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі комиссия отырысының хаттамасын ресімдеу болып табылады, ол 7-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылдың нәтижесі комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына жолдау болып табылады, ол 8-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 8-іс-қимылдың нәтижесі кепілдік/сақтандыру бойынша комиссияны субсидиялау шарттары мен тәртібі туралы кепіл берушімен/сақтандыру ұйымымен шарт жасау болып табылады, ол 9-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 9-іс-қимылдың нәтижесі кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының кепілдендіру/сақтандыру шартына қол қоюы болып табылады, ол 10-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 10-іс-қимылдың нәтижесі кредитор мен көрсетілетін қызметті алушының кепілдендіру/сақтандыру шартына қол қоюы болып табылады, ол 11-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 11-іс-қимылдың нәтижесі кредитті нақты беруді жүзеге асыру және кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына жолдау болып табылады, олар 12-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 12-іс-қимылдың нәтижесі операторға көрсетілетін қызметті алушының кредитін кепілдендіру/сақтандыру туралы мәліметтерді жолдау болып табылады, ол 13-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 13-іс-қимылдың нәтижесі жұмыс органына хат жолдау болып табылады, ол 14-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 14-іс-қимылдың нәтижесі кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының шотына субсидия аудару болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) оператор;
      2) комиссия;
      3) жұмыс органы;
      4) кепіл беруші/сақтандыру ұйымы;
      5) кредитор;
      6) көрсетілетін қызметті алушы.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс – қимылдардың) сипаттамасы:
      1) субсидиялауды жүзеге асыру үшін облыс әкімінің өкімімен құрамында комиссия төрағасы, мүшелері және хатшы бар комиссия құрылады;
      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында жұмыс органы мен оператордың арасында операторлық қызметтер көрсету жөнінде шарт жасалады;
      3) оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде облыс аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық әкімдіктің интернет-ресурсында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру кезінде кепілдік бойынша комиссияның/сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады;
      4) оператор 30 (отыз) минут ішінде Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды;
      5) оператор көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді және комиссияның қарауына енгізеді;
      6) комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және хаттама түрінде ресімдейді;
      7) оператор 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін хаттамадан үзінді көшірмені кредитор мен кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына жолдайды;
      8) жұмыс органы оң шешімі бар комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік бойынша комиссияны субсидиялау шарттары мен тәртібі туралы кепіл берушімен шарт жасасады;
      9) кепіл беруші/сақтандыру ұйымы жоғарыда көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының кредитінің бір бөлігін кепілдендіру шартына қол қояды және оны кредиторға жібереді;
      10) кредитор кепіл берушіден/сақтандыру ұйымынан кепілдендіру/сақтандыру шартын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оған қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін береді;
      11) кредитор:
      көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде онымен қарыз шартын жасасады және кредитті нақты беруді жүзеге асырады;
      көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына жолдайды;
      12) кепіл беруші/сақтандыру ұйымы кредит берілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде операторға көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және кепілдендіру комиссиясын/сақтандыру сыйлықақысын ішінара төлеу туралы мәліметтерді жолдайды;
      13) оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және жұмыс органына тиісті хат жолдайды;
      14) жұмыс органы хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


            (мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығының жалғасы)

            


             (мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығының жалғасы)

            



      Шартты белгілер: