1. Қызметін Шардара ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 16-115-ІV "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-72 тіркелген, 2009 жылдың 27 наурыздағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының | |
өкілеттігін уақытша атқарушы | Т. Бердібеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Бердібеков |
Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы "25" ақпандағы № 54-312-V шешіміне қосымша |
Р/№ | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |