2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 7 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 3544 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылғы нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
      1) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар;
      2) ауылдық жерлерде тұратын әйелдер;
      3) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
      4) ұзақ уақыт (бір жылдан көп) жұмыс істемейтін адамдар.
      2 Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Тургумбеков