1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
1) ұзақ уақыт (бір жылдан көп) жұмыс істемейтін адамдар;
2) жасы елу жастан асқан тұлғалар;
3) жұмыссыз әйелдер.
2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Қуанышбековке жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.Құрменбековаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ.Әбдірахымов |