1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 198 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3291 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді немесе көрсетілетін қызметті алушымен не оның өкілімен құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды).".
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Д.А. Сатыбалды | |
Е.А. Әлімқұлов | |
Ж.Қ. Бөкенбаев | |
Е.Ә. Садыр | |
Ұ. Сәдібеков | |
С.Қ. Тұяқбаев | |
Р.Ж. Мулкеманов | |
К.Н. Мендебаев |