1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 376 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3518 болып тіркелген, 2016 жылдың 15 қаңтарында "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" деген қосымшасында:
"1. Жалпы ережелер" деген тарауда:
2-тармақтың 2)-тармақшасындағы "Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО)" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтіні бойынша "халыққа қызмет көрсету орталығымен", "ХҚКО -ға", "ХҚКО", "ХҚКО-мен", "ХҚО" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік корпорациясымен", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорациямен", "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсін.
Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
Д.А.Сатыбалды | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
С.Қ.Тұяқбаев | |
К.Мендебаев |