"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 маусымдағы № 155 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 29 маусымда № 3769 болып тiркелдi

Қолданыстағы
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазакстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттык-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.А.Сатыбалды
      С.Қ.Тұяқбаев
      Е.Ә.Садыр
      К.Н.Мендебаев
      Ұ.С.Сәдібеков

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"6" маусымдағы
№ 155 қаулысына
қосымша

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары мен қалалары жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – көрсетілетің қызметті беруші) ұсынылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтінішті қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттелігі, онын ішінде барлық рәсімдердің өту кезендері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде келген құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде құжаттарды қарауға жауапты орындаушыны белгілейді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы, көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары сұранысқа сай болғанда, Стандарттын 4-тармағымен қарастырылған мерзімде қызметті көрсету нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жауабын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, әрбір рәсімнің ұақтығы көрсетілген сипаттамасы осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында қөрсетілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" және (немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      Қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы түрінде осы регламенттің қосымшасында берілген.

  "Эскизді (эскиздік жобаны)
келісуден өткізу" көрсетілетін
мемлекеттік қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес- процестерінің анықтамалығы

1

2

3

4

6

7

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін кызмет берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін кызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға15 минут ішінде құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде келген құжаттарды басшылыққа ұсынады
30 минут ішінде кұжаттарды қарауға жауапты орындаушыны белгілейді
Екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары сұранысқа сай болғанда, Стандарттын 4-тармағымен қарастырылған мерзімде қызметті көрсету нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды
Сол жұмыс күні қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді
30 минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жауабын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді