1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 402 "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2971 тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже" деген қосымшада:
"16. Функциялары" деген тармақ мынадай мазмұндағы 40-1) – 40-16) тармақшалармен толықтырылсын:
"40-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
40-2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, "электрондық үкiметтiң" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасының ендірілуін қамтамасыз ету;
40-3) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
40-4) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
40-5) облыстардың "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және сарапшылық кеңеспен келiсу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
40-6) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
40-7) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;
40-8) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
40-9) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
40-10) ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
40-11) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастыру;
40-12) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;
40-13) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру;
40-14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
40-15) уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту;
40-16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;".
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсiн.
Облыс әкімі | Б. Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
К.Мендебаев |