"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 "Мемлекеттік мекемелер туралы" қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 432 "Оңтүстік Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3543 тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының және оған қосымшаның бүкіл мәтіні бойынша:
"Оңтүстік Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасы" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының "Оңтүстік Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже" деген қосымшасында:
"1. Жалпы ережелер" деген тарауда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі тілдерді дамыту, архив ісін жүргізу және басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
"2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген тарауда:
14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ету.";
15-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) облыстың аумағында тілдерді дамыту саласында, архив ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;";
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 7-1) – 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
7-2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
7-3) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
7-4) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;";
17-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) облыста мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның халықаралық беделін нығайтады;
6-2) Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуына ықпал жасайды.";
"3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру" деген тарауда:
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. "Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.";
20-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"11-1) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
11-2) "Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;".
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Қаныбековке жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
К.Мендебаев |