1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18 "Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3009-нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 11 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже" деген қосымшасында:
"1. Жалпы ережелер" деген бөлімінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ облыс әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады".
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 160023, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 10.";
"2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімінде:
14-тармақта, 15-тармақтың 1) тармақшасында, 16-тармақтың 1) тармақшасында "әкімімен" деген сөз "әкімдігімен" деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырманы қарастырады;".
17-тармақтың:
мынадай мазмұндағы 1-1 тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) тапсырыс беруші "Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы деп таныған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асыру;";
4) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
С.Қаныбеков | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
К.Мендебаев | |
Е.Садыр |