1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Р. Тұрдағали) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың кезекті 8-сессиясының төрағасы |
Б. Рахметов |
| Аудандық мәслихат хатшысы | М. Мырзашев |