1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2819 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтардағы "Кең Жылой" газетінде жарияланған ) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
келесі мәтіндегі 4-1- тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ү. Жақашев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 шілдесінен туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудандық мәслихаттың V сессиясының төрағасы |
А. Сисенов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Кенғанов |