"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 138 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 тамызда № 3585 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы "4" шілдедегі № 138 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы "4" шілдедегі № 138 қаулысымен бекітілген

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау қаласының және аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші)-Атырау қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын бөлімдер көрсетеді.
       Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13610 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 6-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау

      4. Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген келіп түскен құжаттарды тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда құжаттар қабылданбайды.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындауға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды қарайды және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес жобалар бойынша мерзімі 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісім алу үшін жолдайды;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) (бұдан әрі-Қағида) бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 39-тармағына сәйкес техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жанындағы консультативтік-кеңесші органына 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды дайындайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жанындағы консультативтік-кеңесші органы техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобаны) келіседі және 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге келісуге жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде эскизді (эскиздік жобаға) келіседі немесе дәлелді бас тартуға (жауабына) қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға келісілген эскизді немесе дәлелді бас тартуды береді.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылған:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы 1-қосымшасында, "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

  "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы


  "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы