1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан әкімінің орынбасары Н.Қ.Таласбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде тіркелген сәттен қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 5 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Е.Сағдиев |