1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесінің қызметіне төтенше жағдай режимі енгізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 2 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Е. Иманслям |