"Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 48-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 сәуірде N 3722 болып тіркелді
Қолданыстағы1. "Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 14 қаңтарда № 13-9-111 тіркелген, аудандық "Мағжан жұлдызы" газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4, аудандық "Вести" газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4 сандарында жарияланған (бұдан әрі – шешім) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
1-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 386-бабында белгіленген жер учаскелеріне таратылмайды.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.