"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы №24/1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 10/16 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 4002 болып тіркелді

Қолданыстағы
       "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы №24/1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 18 наурызда № 2613 болып тіркелді, 2014 жылғы 28 наурызда "Қызылжар" №13 газетінде және 2014 жылғы 28 наурызда "Маяк" №13 газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Е. Сопаяков
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова