1. 2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтар анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы (жасына байланысты зейнетке шығуға екі жыл қалған) адамдар;
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, жұмысшылар санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) Терроризм актісінен жәбір көрген және оның жолын кесуге қатысқан адамдар.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) елу жастан асқан жұмыссыз адамдар;
2) он екі ай және одан да артық жұмыс істемеген адамдар.
3) Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген сынақтардың нәтижесінде зардап шеккен адамдар, Чернобыль атом электр станциясында болған апатты жоюға қатысқандар;
4) отбасында бірде-бір жұмыс істейтіндері жоқ тұлғалар;
5) бұрын жұмыс істемеген (жұмыс өтілі жоқ) жұмыссыздар.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Т.Қ. Есжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауданының әкімі |
Б. Жұмабеков |