1. Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
2. "Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 1151 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2013 жылғы 12 шілдедегі № 28 "Проспект СК", 2013 жылғы 12 шілдедегі № 28 "Қызылжар Нұры" ресми баспа басылымдарында жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2304).
3. Қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | М. Тасмағанбетов |
| Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуір № 729 қаулысына қосымша |