1. Қоса беріліп отырған "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті бекітілсін.
2. Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
| Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3/450 қаулысымен бекітілді |
"Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама
актiлерiн беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.Мемлекеттік қызметті мыналар көрсетеді:
1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің шаруалылық жургізу құқығындағы "Республикалық ветеринариялық лаборатория" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
2) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің шаруалылық жургізу құқығындағы "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңсесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган);
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz,www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – сараптама актісі (сынау хаттамалары).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетелетін қызметті алушылар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 3), 5), 6-1), 7) тармақшаларына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда не зертханалардың кассаларына қолма-қол ақшамен төлейді.
Мемлекеттік орган қызметкерінің мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін сынама алуы ақысыз жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуді бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтініші және Стандарттың 9 тармағымен көзделген (бұдан әрі – өтініш)көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде қағаз немесе электрондық тәсілмен берілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) мемлекеттік органның кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға берген өтінішін тіркейді, мемлекеттік органның жауапты орындаушысын (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық хат-хабармен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы ұсынылған өтінішпен танысады, сынамаларды іріктеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушіге зерттеуге жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші стандарттың 4 тармағында көрсетілген мерзімдерде зерттелетін материалдарға ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностика жүргізеді;ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностика нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сараптама актісін (сынау хаттамалары) ресімдейді, көрсетілетін қызметті беруші басшылығына қол қойғызады, мөрмен растайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін орындаушыға жолдайды, орындаушы сараптама актiсін (сынау хаттамалары) басшылыққа жолдайды – диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін бір жұмыс күнінен көп емес;
4) басшылық ұсынылған құжаттармен танысады, оларға қол қоядыжәне кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
5) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
7. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдардың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар өтініш, өтінішті басшылыққа жолдау;
2) басшылықтың өтінішті қарауы және орындаушыны айқындауы және оған орындауға жолдауы;
3) өтінішпен танысу, зерттелетін материалдарға ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностика жүргізу, сараптама актісін (сынау хаттамаларын) ресімдеу және басшылыққа жолдау;
4) көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін қарау және кеңсеге жолдау;
5) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін беру.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті электрондық тәсілмен берген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанда ресімделеді, қағазбен берген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз құжат нысанында ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің
сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) кеңсе жұмыскері;
2) орындаушы;
3) басшылық (көрсетілетін қызметті берушінің сараптама актісіне (сынау хаттамаларына) қол қоюға уәкілетті лауазымды адамы, мемлекеттік органның лауазымды адамы).
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлерарасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
1) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алуға берген өтінішін тіркейді, орындаушыны айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық хат-хабармен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы ұсынылған өтінішпен танысады, сынамаларды іріктеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушіге зерттеуге жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде зерттелетін материалдарға ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностика жүргізеді;
ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностика нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сараптама актісін (сынау хаттамаларын) ресімдейді, көрсетілетін қызметті беруші басшылығына қол қойғызады, мөрмен растайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін орындаушыға жолдайды, орындаушы сараптама актiсін (сынау хаттамаларын) басшылыққа жолдайды – диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін бір жұмыс күнінен көп емес;
4) басшылық ұсынылған құжаттармен танысады,кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
5) кеңсе көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
10. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алған) аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
12. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс–қимылдарының) ретін сипаттау:1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің, сондай–ақ парольдің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталға тіркеледі;
2) 1 процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда жеке сәйкестендіру нөмірін / бизнес–сәйкестендіру нөмірін және паролін (авторизациялау процесі) енгізуі;
3) 1 шарт – порталда жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
4) 2 процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау нысанына Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде бекітуі, сондай–ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарып алынған (күшін жойған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай–ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірінің арасындағы) сәйкестігін тексеру;
7) 4 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) көрсетілетін қызметті беруші өңдеу үшін электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі арқылы жолдау;
9) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта көрсетілген және қызметті көрсету үшін негіздеме болатын көрсетілетін қызметті алушының тіркеген құжаттарының сәйкестігін тексеруі;
10) 6 процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 7 процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы.
Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланумен қалыптастырылады.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс–қимыл диаграммасы осы регламенттің 2 қосымшасында берілген.
| "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
"Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру"
мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы


| "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық
өзара іс–қимыл диаграммасы

