1. Қоса беріліп отырған "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 3/454 қаулысына қосымша |
"Ақталған адамға куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 (бұдан әрі - Стандарт) бұйрығымен бекітілген "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленді."Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - қызмет беруші) қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі.
2. Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызмет берушінің тұрғылықты жері бойынша аудандық бөлім арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – "Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру" Ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген үлгідегі куәлікті немесе оның телнұсқасын беру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ресімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің кұрамына кіретін ресімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы құжаттарды қабылдайды және тіркейді;
2) өтінішті қарайды және салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманының мемлекеттік қызметінің көрсетілетін нәтижесін ресімдеу;
4) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы ресімдердің (іс-қимылдардың) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет Cтандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы құжаттарды алып, тіркеуден өткізеді және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына орындауға береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы ақталған адамға куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беру үшін құжаттардың тізімін дайындап, көрсетілетін қызметті берушіге жолдама хат арқылы жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің маманы берілген құжаттардың негізінде ақталған адамға куәлікті (куәліктің телнұсқасын) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы куәлікке (куәліктің телнұсқасына) қол қояды және көрсетілетін қызмет берушінің маманына жібереді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің маманы куәлікті (куәліктің телнұсқасын) көрсетілетін қызметті алушыға береді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап;
куәлік (куәліктің телнұсқасын) беру - 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жеке куәлігін көрсеткен және қызметті алушы өзі (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келген жағдайда талон негізінде беріледі.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет беруші мамандардың өзара іс-қимыл жасаулары, рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетілген.
"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |