Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 2/252 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 маусымда № 1295 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы" бұйрығын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;

      2) "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 3 маусымдағы
№ 2/252 қаулысымен бекітілді

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 05.10.2017 № 4/398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

"Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру
бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарындағы
бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орындары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

      Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық болып табылады.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз жүзiнде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкерінің өтінішті тіркеуі және құжаттарды қабылдауы, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі, рәсімнің ұзақтығы -30 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі, рәсімнің ұзақтығы:

      ауысқан жағдайда:

      бiр ай iшiнде, бiрақ қабылдаушы бiлiм беру ұйымының кезектi емтихан сессиясы басталғанға дейiн бес күннен кешiктiрмей.

      Кәмелетке толмаған бiлiм алушының ата-анасы немесе заңды өкiлдерi басқа мекен жайға көшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңiнен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат берiледi.

      қайта қабылдаған жағдайда:

      көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап екi апта iшiнде;

      оқу ақысын төлемегенi үшiн семестр кезiнде оқудан шығарылған бiлiм алушы төлемақы бойынша берешегiн өтеген жағдайда:

      оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның iшiнде, төлемақы бойынша берешегiн өтегенi туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күнi iшiнде.

      4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінеқол қоюы, рәсімнің ұзақтығы -30 минут.

      6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін беруі;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің
сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің қызметкері;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) ретін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің қызметкері өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін береді, рәсімнің ұзақтығы -30 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексереді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қойғызады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің қызметкеріне береді, рәсімнің ұзақтығы:

      ауысқан жағдайда:

      бiр ай iшiнде, бiрақ қабылдаушы бiлiм беру ұйымының кезектi емтихан сессиясы басталғанға дейiн бес күннен кешiктiрмей.

      Кәмелетке толмаған бiлiм алушының ата-анасы немесе заңды өкiлдерi басқа мекен жайға көшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңiнен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат берiледi.

      қайта қабылдаған жағдайда:

      көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап екi апта iшiнде;

      оқу ақысын төлемегенi үшiн семестр кезiнде оқудан шығарылған бiлiм алушы төлемақы бойынша берешегiн өтеген жағдайда:

      оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның iшiнде, төлемақы бойынша берешегiн өтегенi туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күнi iшiнде.

      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылының толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

  "Техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм
беру бағдарламаларын iске
асыратын бiлiм беру
ұйымдарындағы
бiлiм алушыларды ауыстыру
және қайта қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы


Шартты белгілер


  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 3 маусымдағы
№ 2/252 қаулысымен
бекітілді

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 05.10.2017 № 4/398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

"Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды
аяқтамаған адамдарға анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      1. Жалпы ережелер1. Осы "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді.

      "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орындары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

      Өтiнiшті қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз жүзiнде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші оқу бөлімі қызметкерінің өтінішті тіркеуі және құжаттарды қабылдауы, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі, рәсімнің ұзақтығы -30 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі, рәсімнің ұзақтығы - 3 жұмыс күні;

      4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінеқол қоюы, рәсімнің ұзақтығы -30 минут.

      6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысыныңбұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін беруі;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) ретін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін береді, рәсімнің ұзақтығы -30 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексереді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қойғызады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің қызметкеріне береді, рәсімнің ұзақтығы - 3 жұмыс күні.

      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

  "Техникалық және кәсiптiк,
орта бiлiмнен кейiнгі
бiлiм алуды аяқтамаған
адамдарға анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы


Шартты белгілер