Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 420 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 сәуірде № 1271 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, V сайланған Aлматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. V сайланған Aлматы қаласы мәслихатының кезектен тыс  ХХІ сессиясының «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1016 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсанда «Aлматы ақшамы» және «Вечерний Aлматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің 1 қосымшасындағы:
      2 бөлімдегі:
      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет әлеуметтік көмек 7,5 (жеті жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»;
      3 бөлімдегі:
      6 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «6. Әлеуметтік көмек ай сайын 5,5 (бес жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;
      3) Aуғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың  салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайына).»;
      7 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «7. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің 3 есе (үш) мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді:
      1) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;
      2) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
      3) бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауруы бар бірінші топтағы мүгедектерге;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.».
      2. Aлматы қаласы мәслихатының «Aлматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Aлматы ақшамы» және «Вечерний Aлматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген, Aлматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
      3 бөлімдегі:
      25 тармақ келесі cөйлеммен толықтырылсын:
      «Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеген және өзгерткен кезде тиындармен есептелген сомалар бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.».
      3. Aлматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Aлматы қаласы әкімінің орынбасары A. Қырықбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған Aлматы қаласы
      мәслихатының LI сессиясының
      төрағасы                              Ә. Нәбиев
      V сайланған Aлматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                  Қ. Қазанбаев