Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 наурызда № 1263 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Aлматы қаласының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтердің  регламенттері бекітілсін:
      1) «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»;
      2) «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру».
      2. Aлматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы қаулы мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Aлматы қаласының  аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы қаулыны Aлматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Aлматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Aлматы қаласының әкімі            Б. Байбек

Aлматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 ақпандағы
№ 1/51 қаулысымен бекітілді

«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

       1. «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес «Aлматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Aлматы қаласының әкімдігі көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) қызметті берушінің кеңсесі;
      2) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО);
      3) www.egov.kz, www.elicense.kz  "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
       3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу немесе Стандарттың 10 тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электронды түрде.
       4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      Көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ  порталға жүгіну кезінде:
      ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде;
      ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінім тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
      рұқсатты қайта ресімдеу - 1 ай ішінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

       5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-на жүгінуі кезінде мыналар негіз болып табылады:
      ІІ, ІІІ санат объектілері үшін Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін өтінім, IV санат объектілері үшін Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
      І, ІІІ және IV санат объектілері үшін Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу үшін өтінім;
      портал арқылы:
      ІІ, ІІІ санат объектілері үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) бекітілген электрондық құжат нысанында Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша, IV санат объектілері үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бекітілген электрондық құжат нысанында Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін өтінім;
      ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу үшін өтінім.
       6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) мазмұны, олардың орындалуының ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсетіп, оның көшірмесіне өтінімді қабылдау белгісімен растап, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минуттан артық емес;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыға жібереді - 15 (он бес) минуттан артық емес;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады: ІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде, ІІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап - 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
      рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде;
      ІІ санат объектілері үшін өтінімді одан әрі қараудан бас тарту бойынша дәлелді жауабы - күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде, ІІІ, IV санат объектілері үшін өтінім тіркелген күннен бастап - күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын мерзімде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, қайта ресімделген рұқсатты немесе өтінімді одан әрі қараудан бас тарту бойынша дәлелді жауабына қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жібереді - 15 (он бес) минуттан артық емес;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерi ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, қайта ресімделген рұқсатты немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді - 15 (он бес) минуттан артық емес.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

       7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
       8. Әрбір рәсімінің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар тізімін қабылдау күнін көрсетіп оның көшірмесіне өтінімді қабылдау белгісімен растап, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минуттан артық емес;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға жібереді - 15 (он бес) минуттан артық емес;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады: ІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде, ІІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап - 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
      рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде;
      ІІ санат объектілері үшін өтінішті одан әрі қараудан бас тарту бойынша дәлелді жауабы - күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде, ІІІ, IV санат объектілері үшін өтінім тіркелген күннен бастап - күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын мерзімде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы: ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, қайта ресімделген рұқсатты немесе өтінішті одан әрі қараудан бас тарту бойынша дәлелді жауабына қол қойып және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкеріне жібереді - 15 (он бес) минуттан аспайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерi ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, қайта ресімделген рұқсатты немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді - 15 (он бес) минуттан артық емес.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ,
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртiбін сипаттау

       9. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:
      1) 1 үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің  мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО) мемлекеттік дерек қорының автоматтандырылған жұмыс орнына пароль және логин (авторизациялау үдерісі) енгізуі;
      2) 1 шарт - логин және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері туралы деректердің дұрыстығын «Е-лицензиялау» МДБ AЖО-да тексеру;
      3) 2 үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДБ AЖО авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3 үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
      5) 4 үдеріс - электрондық үкіметінің шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлға мемлекеттік деректер қорына/ заңды тұлға мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы деректерін көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНAЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұранысты жолдау;
      6) 2 шарт - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және БНAЖ көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің бар болуын тексеру;
      7) 5 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенімхаттың БНAЖ мәліметтерінің болмауына байланысты,  мәліметтерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының берілген қағаз нысандағы құжаттардың болуын және қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сканерден өткізу туралы белгілеу бөліміндегі сұрау салу нысанын толтыру және оны сұрау салу нысанына қосу;
      9) 7 үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ AЖО сұрау салуды тіркеу және         «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО қызметті өңдеу;
      10) 3 шарт - көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатты беру үшін біліктілік талаптарына және негіздемелерге көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келуін тексеруі;
      11) 8 үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салу қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да  қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
       10. Әрбір рәсімінің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып ХҚКО-ға жүгіну тәртібін сипаттау :
      1) 1 үдеріс - қызмет көрсету үшін ХҚКО операторының ХҚКО-ғы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі- ХҚКО ЫAЖ AЖО) парольді және логинді (авторизациялау үдерісі) енгізуі 1 (бір) минут ішінде;
      2) 2 үдеріс - ХҚКО операторының экранға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау нысанының шығуын таңдауы және ХҚКО операторының қызметті алушының деректерін енгізу 2 (екі) минут ішінде;
      3) 3 үдеріс - ЭҮШ шлюзі  арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ға, сонымен қатар БНAЖ-ге көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды жолдау 2 (екі) минут ішінде;
      4) 1 шарт - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНAЖ сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру 1 (бір) минут ішінде;
      5) 4 үдеріс - ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының және БНAЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алу  мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру 2 (екі) минут ішінде;
      6) 5 үдеріс - ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушының берілген қағаз нысандағы құжаттарының болуын және қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сканерден өткізу туралы белгілеу бөліміндегі сұрау салу нысанын толтыруы және оны сұрау салу нысанына қосу мемлекеттік қызметті көрсету үшін толтырылған сұраудың нысанын (енгізілген мәліметтер) ЭЦҚ арқылы  нысан формасына бекітілуін растау 30 минут ішінде;
      7) 6 үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да ЭҮШ арқылы ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) жолдау 2 (екі) минут ішінде;
      8) 7 үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да электрондық құжатты тіркеу 1 (бір) минут ішінде;
      9) 2 шарт - көрсетілетін қызметті берушінің рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелерге сәйкестігін тексеруі 2 (екі) минут ішінде;
      10) 8 үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұралған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру 2 (екі) минут ішінде;
      11) 9 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО операторы арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат ) алуы 2 (екі) минут ішінде.
       11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) мен бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) порталда тіркеуді жүзеге асырады;
      2) 1-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін Порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
      3) 1–шарт - порталда  логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2–үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің дұрыс болмауына байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3–үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраудың нысанына электрондық нұсқада қажетті құжаттарды тіркеп, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы  және қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы (деректерді енгізуі);
      6) 4–үдеріс - көрсетілетін қызмет алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2–шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы  сәйкестендіру мәліметтерін тексеру;
      8) 5 - үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 - үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы көмегімен қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді)  куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7-үдеріс -электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да сұрау салуды өңдеу;
      11) 3-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатты беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына мен негіздерге сай болуын тексеруі;
      12) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар) алуы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған  электрондық құжат түрінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
       12. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қатысатын ақпараттық жүйелердің фунционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1 қосымшасында келтірілген.
       13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі

«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер
үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметі Регламентіне
1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
фунционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер
үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметі Регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Aлматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 ақпандағы
№ 1/51 қаулысымен бекітілді

«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

       1. «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі  № 301 бұйрығымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес «Aлматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Aлматы қаласының әкімдігі көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) қызметті берушінің кеңсесі;
      2) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО);
      3) www.egov.kz, www.elicense.kz  "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
       2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
       3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін «келісіледі/келісілмейді» деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электронды түрде.
       4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      Көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ  порталға жүгіну кезінде:
      мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - ІІ санаттағы объектілер үшін 1 (бір) айдан, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспайды;
      қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - II санаттағы объектілер үшін - он жұмыс күнінен, III және IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайды;
      алдын ала сараптама - 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

       5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі кезінде мыналар негіз болып табылады:
      Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды алу  үшін қағаз түріндегі өтініш;
      ХҚКО-на жүгіну кезінде: Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ХҚКО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қорытынды алу  үшін электрондық құжат түріндегі сұраным;
      портал арқылы жүгіну кезінде: Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған қорытынды алу  үшін электрондық құжат түріндегі сұраным.
       6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) мазмұны, олардың орындалуының ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың  9 тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсетіп, оның көшірмесіне өтінімді қабылдау белгісімен растап, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минуттан артық емес;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жібереді - 15 (он бес) минуттан артық емес;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы құжаттарды  қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді - 15 (он бес) минуттан артық емес;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын ІІ санат объектілері үшін сұраным тіркелген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде, ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын, сұраным тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын II санаттағы объектілер үшін сұраным тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, III және IV санаттардағы объектілер үшін сұраным тіркелген күннен бастап 5 (бес)  жұмыс күні ішінде;
      алдын ала сараптаманы - 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жібереді;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы: ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына қолын қояды және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жібереді немесе 15 (он бес) минут ішінде алдын ала сараптаманың нәтижесін тексереді және өтінімді әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабына қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жібереді 5 ( бес) минут ішінде;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерi ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді - 5 (бес) минут ішінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

       7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
       8. Әрбір рәсімінің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсетіп оның көшірмесіне өтінімді қабылдау белгісімен растап, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минуттан артық емес;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жібереді 15 (он бес) минуттан артық емес;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы құжаттарды қарайды және  көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді - 15 (он бес) минуттан артық емес;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын ІІ санат объектілері үшін сұраным тіркелген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде, ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын, сұраным тіркелген күннен бастап  10 (он) жұмыс күні ішінде;
      қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын II санаттағы объектілер үшін сұраным тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, III және IV санаттардағы объектілер үшін қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын сұраным тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      алдын ала сараптаманы - 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жібереді;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы: ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін  мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына қолын қояды және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жібереді немесе 15 (он бес) минут ішінде алдын ала сараптаманың нәтижесін тексереді және өтінімді әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабына қолын қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жібереді 5 ( бес) минут ішінде;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерi ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын  немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді - 5 (бес) минут ішінде.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ, мемлекеттік
қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртiбін сипаттау

       9. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:
      1) 1 үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО) мемлекеттік дерек қорының автоматтандырылған жұмыс орнына пароль және логин (авторизациялау үдерісі) енгізуі;
      2) 1 шарт - логин және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері туралы деректердің дұрыстығын «Е-лицензиялау» МДБ AЖО-да тексеру;
      3) 2 үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДБ AЖО авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3 үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
      5) 4 үдеріс - электрондық үкіметінің шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлға мемлекеттік деректер қорына/ заңды тұлға мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы деректерін көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНAЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұранысты жолдау;
      6) 2 шарт - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің бар болуын тексеру;
      7) 5 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенімхаттың БНAЖ мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының берілген қағаз нысандағы құжаттардың болуын және қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сканерден өткізу туралы белгілеу бөліміндегі сұрау салу нысанын толтыру және оны сұрау салу нысанына қосу;
      9) 7 үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ AЖО сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО қызметті өңдеу;
      10) 3 шарт - көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатты беру үшін біліктілік талаптарына және негіздемелерге көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келуін тексеруі;
      11) 8 үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салу қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да  қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
       10. Әрбір рәсімінің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып ХҚКО-ға жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) 1 үдеріс - қызмет көрсету үшін ХҚКО операторының ХҚКО-ғы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - ХҚКО ЫAЖ AЖО) парольді және логинді (авторизациялау үдерісі) енгізуі (1 минут ішінде);
      2) 2 үдеріс - ХҚКО операторының экранға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау нысанының шығуын таңдауы және ХҚКО операторының қызметті алушының деректерін енгізу (2 минут ішінде);
      3) 3 үдеріс - ЭҮШ шлюзі  арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ға, сонымен қатар БНAЖ-ге көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды жолдау;
      4) 1 шарт - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНAЖ сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру (1 минут ішінде);
      5) 4 үдеріс - ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының және БНAЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алу  мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру (2 минут ішінде);
      6) 5 үдеріс - ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушының берілген қағаз нысандағы құжаттарының болуын және қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сканерден өткізу туралы белгілеу бөліміндегі сұрау салу нысанын толтыруы және оны сұрау салу нысанына қосу мемлекеттік қызметті көрсету үшін толтырылған сұраудың нысанын (енгізілген мәліметтер) ЭЦҚ арқылы  нысан формасына бекітілуін растау;
      7) 6 үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да ЭҮШ арқылы ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) жолдау (2  минут ішінде);
      8) 7 үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да электрондық құжатты тіркеу;
      9) 2 шарт - көрсетілетін қызметті берушінің рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелерге сәйкестігін тексеруі;
      10) 8 үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұралған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО операторы арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру) алуы.
       11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) мен бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) порталда тіркеуді жүзеге асырады;
      2) 1-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін Порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
      3) 1–шарт - порталда  логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2–үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің дұрыс болмауына байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3–үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраудың нысанына электрондық нұсқада қажетті құжаттарды тіркеп, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы  және қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы (деректерді енгізуі);
      6) 4–үдеріс - көрсетілетін қызмет алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2–шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру мәліметтерін тексеру;
      8) 5 - үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 - үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы көмегімен қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді)  куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7-үдеріс -электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да сұрау салуды өңдеу;
      11) 3-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатты беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сай болуын тексеруі;
      12) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ AЖО-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын) алуы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған  электрондық құжат түрінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
       12. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қатысатын ақпараттық жүйелердің фунционалдық  өзара іс-қимылдарының диаграммасы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1 қосымшасында келтірілген.
       13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер
үшін мемлекеттік экологиялық сараптама
қорытындысын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызметі Регламентіне
1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
фунционалдық өзара  іс-қимыл диаграммасы

«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер
үшін мемлекеттік экологиялық сараптама
қорытындысын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызметі Регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги