"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қантардағы № 1/20 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 ақпанда № 1254 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы
әкімдігінің 2016 жылғы
20 қаңтардағы
№ 1/20 қаулысына
қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған
қаулыларының тізбесі

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 2/340 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1050 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
      2. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/340 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы № 4/885 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1102 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 1/20 қаулысына
қосымша

"Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Тұрғын үй көмегін тағайындау" (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
      "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
      2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      2) "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
      5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің басталуы үшін негіздеме Стандарттың 9 тармағында қарастырылған қызмет берушінің қызмет алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы немесе қызмет алушының электрондық сұрауы болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызметті ХҚКО қызметкері арқылы құжаттарды қабылдау және өтінішті тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына беру;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының өтінішті қарауы, ұсынылған құжаттарды тексеруі және оны тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылдауға Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімінде тұрғын үй көмегін көрсету бойынша комиссияға (бұдан әрі - комиссия) беруі;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы арқылы мемлекеттік қызметтің нәтижесін рәсімдеу;
      5) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жіберу немесе көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
      1) ХҚКО қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
      4) комиссия.
      9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін (іс-қимылдарын) сипаттау:
      1) Стандарттың 9 тармағымен көрсетілген қажетті құжаттарды ХҚКО қызметкері қабылдап, 20 минут ішінде өтініш пен басқа да құжаттарды тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімдеріне жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсетуге ХҚКО-нан немесе портал арқылы өтініш пен құжаттар келіп түскеннен кейін өтінішті тіркеуге алады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі басшысының қарауына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі басшысы қарап шыққаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманына жазады;
      4) жауапты маман құжаттарды дайындайды және оны шешім қабылдауға комиссияға жібереді;
      5) комиссия тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны (тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы бас тартудың себептері көрсетілген дәлелді жауап) дайындайды, көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімінің басшысының қолы қойылып, мөрімен бекітеді және ХҚКО-на немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 10 (он) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік
қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібін сипаттау

      11. ХҚКО-на жүгіну тәртібін сипаттау: ХҚКО қызметкері Стандарттың 9 тармағында белгіленген қажетті құжаттарды қабылдайды, 20 минут ішінде өтініш пен басқа құжаттарды тіркейді. ХҚКО инспекторының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттарды электрондық көшірме түрінде ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жібереді. Аталған ақпараттық жүйе болмаған жағдайда тізімді жасайды және құжаттар пакетінің көшірмесін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жібереді.
      ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      12. ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу процесін сипаттау: ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезден бастап 20 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын; тұрғын үйге тіркелген құқықтары туралы құжаттар туралы мәліметтерді; әлеуметтiк төлемдер түрінде алынатын табыстар; кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыстар; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер түрiндегi табыстар; азаматтың жұмыссыз мәртебесін растайтын құжатты алады.
      ХҚКО-ның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға ХҚКО ұсынған нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      ХҚКО-да дайын құжаттарды беру азаматтың (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке куәлігі ұсынған кезде жеке қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚКО бір ай бойы оның сақталуын қамтамасыз етеді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде ХҚКО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберу үшін ХҚКО-ға дайын құжаттарды жібереді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру ХҚКО-да – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен мемлекеттік қызметті алушының тіркелген орны бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ХҚКО қызметкері Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      14. Көрсетілетін қызмет берушінің мамандары мен ХҚКО-ң қызметкерінің арасындағы өзара әрекет тәртібі осы Регламенттің бизнес-процесінің анықтамасында 1 қосымшасына сәйкес сипатталған.
      15. Порталда электронды сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.
      Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.
      16. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
      17. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімдерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеті, процедураларының (іс-қимыл) сабақтастығы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйесін қолдану тәртібі осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес сызба түрінде толық сипатталған.
      19. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген жағдайда:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль көмегімен порталда тіркеуден өтуі тиіс (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
      2) мемлекеттік электронды қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
      3) порталда көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру үдерісі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы порталда хабарламаны қалыптастыру;
      5) көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыру үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу және сканерленген құжаттарды тіркеу);
      6) мемлекеттік электронды қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген мәліметтерді, сканерленген құжаттарды) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
      7) сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұрау салудағы ЖСН-мен ЭЦҚ-ғы тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ-ң тіркеу куәлігінің мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) порталдың тіркеу куәлігінің жоқ екендігін тексеру;
      8) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжатын (тұтынушының сұрау салуын) "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі (ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесіне (ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік электронды қызметті өңдеуі;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік электронды қызметті көрсету (тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады және порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1 қосымша

"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


      


  "Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымша

Функционалдық өзара әрекеттесу диаграммасы

      


      Кесте.

Шартты белгілер

      


  "Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік қызмет регламентіне
3 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) және ХҚКО өзара
әрекет тәртібін сипаттау