1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
3. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
4. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды квоталандырылған жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |