Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 38/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 тамызда № 5193 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Оразалин
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

  Ақсу қаласы мәслихатының
2016 жылғы 8 шілдедегі
№ 38/5 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақсу қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған Үкімет" мемелекеттік корпорациясы" коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Департаментінің Ақсу аудандық бөлімшесі";
      10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ақсу қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
      12) отбасына көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - уәкілетті орган үміткермен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
      13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты - "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      14) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.
      3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
      1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
      2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
      3) 1 қазан - Халықаралық қарттар күні;
      4) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнi.
      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек Ақсу қаласының аумағында тұрақыт тұратын, мынадай санаттағы мұқтаж азаматтарға көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
      2-1) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға;
      2-2) қоршаудағы кезеңде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға;
      2-3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      2-4) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы (бұдан әрі - КСРО) Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;
      2-5) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi (бұдан әрі - ЧАЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға;
      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:
      3-1) бұрынғы КСРО қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге;
      3-2) ЧАЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына;
      4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:
      4-1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасына;
      4-2) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасына;
      4-3) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне);
      4-4) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1988 - 1989 жылдардағы ЧАЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға;
      4-5) 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға;
      5) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, атап айтқанда:
      5-1) мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қызмет көрсетілетін адамдарға;
      5-2) 80 жасқа толған және одан асқан адамдарға;
      5-3) төмен және ең төменгі мөлшерде зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын адамдарға;
      6) мүгедектерге, атап айтқанда:
      6-1) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға;
      6-2) 1, 2-топтағы мүгедектерге;
      6-3) кәмелетке толмаған балалары бар 3 топтағы мүгедек әйелдерге;
      6-4) отбасы құрамында мектепке дейінгі жастағы балалары (баласы) бар мүгедектерге;
      6-5) жоғары және орта оқу орындарында сырттай және қашықтықтан оқу түрлерінде оқитын мүгедектерге;
      6-6) жүктілік мерзімінде (12 аптаға дейін) есепке тұрған жүкті мүгедек-әйелдерге;
      6-7) санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін 1 топтағы мүгедектерге;
      7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар алушылардың санынан көп балалы аналарға;
      8) аз қамтылған азаматтарға, атап айтқанда:
      8-1) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын, жедел және жоспарлы хирургиялық операциядан өткен адамдарға;
      8-2) жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен аспайтын жүктілік мерзімде (12 аптаға дейін) есепке тұрған жүкті әйелдерге;
      8-3) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын, өрт, зіл-зала апаты, жазатайым оқиға, төтенше жағдайлар, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, соның ішінде үй тұрмысы құралдары, пәтер заттары және шаруашылық құрылыстары жартылай зақымданған кезде;
      8-4) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын уәкілетті органның есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;
      9) ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектеп түлектерінің қатарынан, атап айтқанда:
      9-1) жан басына шаққандағы табысы ағымдағы жылғы 2 тоқсанының күн көріс минимумының бір есе мөлшерінен аспайтын отбасының балаларына;
      9-2) жетім - балаларға;
      10) әлеуметтік маңызы бар мынадай аурулардан зардап шегетін азаматтарға,атап айтқанда:
      10-1) қатерлі ісіктер ауруымен ауыратын адамдарға;
      10-2) туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға;
      10-3) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруымен ауыраты ауыратын адамдарға;
      11) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған адамдарға;
      12) жан басына шаққанда отбасының орташа табысы күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын отбасыларға.
      9. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті көрсетеді:
      1. Атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:
      1) Жеңіс күніне орай уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 8-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
      2) Халықаралық әйелдер күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 8-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
      3) Халықаралық қарттар күніне орай уәкілетті ұйымның және мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тізімдері негізінде 8-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
      4) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай уәкілетті ұйымның және мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тізімдері негізінде 8-тармақтың 6-2), 6-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
      2. Біржолғы әлеуметтік көмек:
      2-1) уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үйді жөндеуге 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде, азық-түлік жиынтығын сатып алуға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      2-2) 8-тармақтың 1), 2-4), 2-5), 3), 4-4) тармақшаларында (ЧАЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқан адамдар санынан ғана) көрсетілген санаттар үшін, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банк операциялары түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), автомобиль немесе теміржол көліктерінде пайдаланылған жол билеттерінің, санатын растайтын құжаттың көшірмелері негізінде, Алматы және Астана қалаларының госпитальдарына бару және тұрғылықты жеріне кері қайтуға жолақы шығыстарын өтеуге;
      2-3) 8-тармақтың 1), 2-4), 3-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), санатын растайтын құжаттың көшірмелері негізінде, медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес (төлеу туралы түбіртек қосымшамен бірге), тіс протездеуге 8 (сегіз) АЕК-тен аспайтындай;
      2-4) 8-тармақтың 5-1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), уәкілетті органның тізімі, санатын растайтын құжаттың көшірмелері негізінде қатты отын сатып алуға 5 (бес)АЕК мөлшерінде;
      2-5) 8-тармақтың 6-6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), көшірмелері, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясы анықтамасының негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
      2-6) 8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмелері, білім беру қызметін көрсетуге студенттің, Ақсу қаласы әкімі мен жоғары оқу орны басшысының үш жақты келісім-шарттың негізінде білім беру қызметтерін көрсетуге нақты құнының мөлшерінде;
      2-7) 8-тармақтың 10-1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ауруды растайтын анықтамасы, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмелері негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;
      2-8) Ақсу қаласында тұратын және амбулаторлық емделіп жатқан, 8-тармақтың 10-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің ауруды растайтын анықтамасы, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), көшірмелері негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;
      2-9) 8-тармақтың 10-3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, "ЖҚТБ-ға қарсы күресу және алдын алу жөніндегі Павлодар облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесінің Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;
      2-10) 8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне дейінгі жолақысына екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаты (мекенжай анықтамасы), жеке куәлігінің көшірмесі, білім беру қызметін көрсетуге, студенттің, Ақсу қаласы әкімі мен жоғары оқу орны басшысының үш жақты келісім-шарттың негізінде 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде;
      2-11) 8-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Ақсу қаласы Ішкі істер бөлімінің тізімі, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шоты көрсетілген, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаты (мекенжай анықтамасы), жеке куәлігінің көшірмесі негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
      2-12) 8-тармақтың 6-7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, тиісті медициналық мекемесінің санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін 1 топ мүгедектігі туралы анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде (сауықтыруға) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
      2-13) 8-тармақтың 6-7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін өтініш берушінің және еріп жүретін адамның жеке куәлігінің, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, тиісті медициналық мекемесінің санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін 1 топ мүгедектігі туралы анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде (еріп жүретін адамның тұру, тамақтану және жол ақысына) 40 (қырық) АЕК кем емес мөлшерде;
      2-14) 8-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған әлеуметтік келісім-шарт негізіндегі әлеуметтік көмектін мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады (ШАК мөлшері отбасы құрамының өзгерген жағдайында, сонымен қатар, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасағандағы табысты есепке алғанда атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тоқтатылған жағдайында, көрсетілген жағдайдың болған кезінен бастап қайта есептеледі, бірақ оның тағайындау кезінен бұрын емес);
      2-15) 8-тармақтың 6-1), 6-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасы бойынша, мемлекеттік сатып алу келісімшарты негізінде кресло-арба алуға;
      3. Табысты есепке алмағанда тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
      3-1) 8-тармақтың 2-4), 2-5) тармақшаларында, 3-1), 3-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмесі, санатың растайтын құжаттың көшірмесі, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші негізінде сауықтыруға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
      4. Табысты есепке алмағанда ай сайын әлеуметтік көмек:
      4-1) 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде дәрі-дәрмек сатып алуға 1 (бір) АЕК мөлшерінде, жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды өтеуге 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
      4-2) 8-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісім-шартқа сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде көрсетілетін Ақсу қаласында қимыл-қозғалыстары шектеулі мүгедектерді көліктік тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерге және көп қабатты ғимаратқа баспалдақ аралығынан көтерілгіш құралының көмегімен арбалы-мүгедектерді тасымалдауға;
      4-3) Ақсу қаласының селолық округтерінде тұратын 8-тармақтың 10-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмелері, "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің ауруды растайтын анықтамасы негізінде амбулаторлық ем алып отырған кезге жол ақысы мен тамаққа 6 (алты) АЕК мөлшерінде;
      4-4) Ақсу қаласында тұратын және амбулаторлық ем алып жүрген, 8-тармақтың 10-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен берілген тізім негізінде мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісім-шартқа сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік қызметтер;
      4-5) 8-тармақтың 6-4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері (мекенжай анықтамасы), негізінде балалардың (баланың) балаларға арналған мектеп алды мекемесіне баруды төлеуге белгіленген құны мөлшерінде;
      4-6) 8-тармақтың 6-5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері (мекенжай анықтамасы), негізінде "Интернет" желісіне қосылу және оны қолдану үшін нақты құны мөлшерінде;
      5. Табыстарын есепке ала отырып, біржолғы әлеуметтік көмек:
      5-1) 8-тармақтың 8-1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін өтініші, жеке куәлігінгінің Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері (мекенжай анықтамасы), екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде, жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасы 10 (он) АЕК мөлшерінде;
      5-2) 8-тармақтың 8-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін өтініші, жеке куәлігінің, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері (мекенжай анықтамасы), екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
      5-3) 8-тармақтың 8-3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның шешімі бойынша (өрт болған кезде) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің немесе (су тасқыны кезде) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы (анықтамасы) негізінде 70 (жетпіс) АЕК дейінгі мөлшерде;
      5-4) 8-тармақтың 8-4) тармақшасында және 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы) көшірмесі, материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу актісі негізінде жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға 113 (жүз он үш) АЕК мөлшерінде.
      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) Ақсу қаласының аумағында тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағиданың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайда;
      4) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы табысының мөлшері облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан асуы;
      5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының және әлеуметтік келісімшартының міндеттемелерін орындамау және (немесе) бұзуы.
      24. Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне өтініш береді.
      25. Отбасының (тұлғаның) ШАК алу үшін уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі кеңес беру кезінде оның қызмет көрсету шарттарын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қорытындысы келісім берген кезде, азаматпен әңгіме жүргізеді, оның барысында отбасының (азаматтың) мәселелері туралы ақпаратты нақтылайды, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктерін айқындайды, сондай ақ алдын ала белгілейді:
      1) талапкердің ШАК алуына құқығы;
      2) жұмыспен қамтуда мемлекеттік шаралардың жәрдемі.
      26. Әңгімелесу нәтижесі бойынша "Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы рәсімделеді және өтініш берушінің отбасы және материалдық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы" № 385 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген 1, 3-қосымшаларына сәйкес сауалнама толтырылады.
      27. Өтініш беруші "Өрлеу" жобасына қатысу үшін Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
      28. Қиын өмірлік жағдайдың басталуы кезіндегі ШАК, отбасының (тұлғаның) жұмысқа қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу келісімшарттар негізіндегі тұлғаның (отбасының) белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасағанда жан басына шаққандағы айлық табысы төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын және отбасы мүшелерінің, оның ішінде жұмысқа қабілетті мүшелерінің әлеуметтік бейімделу қажеттілігі болған жағдайда көрсетіледі.
      29. ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын қолдану мерзіміне беріледі және ай сайын немесе талапкердің өтініші бойынша үш айда бір рет төленеді.
      30. ШАК-ің біржолғы сомасы тек әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерге байланысты іс-шараларына қолданылуы тиіс, соның ішінде бұрынғы қарыздарының шығындарын төлеу, жылжымайтын мүлік алуға, сондай ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асырудан басқа жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға (мал, құс сатып алуға және басқа да), жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға.

4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау

      31. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
      32. ШАК алу құқығын белгілегеннен кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін көмек көрсетудің жеке жоспарын әзірлеуге Бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шақырады.
      33. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
      34. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі уәкілетті органда сақталады.
      35. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мониторингі шартты жасаған органмен жүзеге асырылады.
      36. Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың барлық кезеңінде қолдау жасайды және жеке жоспардың орындалуын бақылайды, сондай ақ оның тиімділігін бағалайды.

5. Қорытынды ереже

      37. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.