1. Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХХХIV сессиясы) 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 4020 болып тіркелген және 2014 жылғы 16 қыркүйекте "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-ші тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтардың жеке санаттарына амбулаториялық емделу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін дәрі-дәрмек құралдары, бейімделген емдік өнімдері қосымша ұсынылатын болсын:
эпилепсия ауруына шалдыққандар үшін - "Кеппра" (Леветирацетам) препараты;
"муковисцидоз ауруына шалдыққандар үшін - "Колистин" (Колистиметат), "Тоби" (Тобрамицин) препараты, "Нутрикомп дринк плюс" мамандандырылған емдік тағамы;
алғашқы иммунодефицит ауруына шалдыққандар үшін – "Имукин" интерферон гамма-1 рекомбинанттық препараты".".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | А. Терентьев |
| Облыстық мәслихат хатшысы | В. Берковский |