1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2016 жылға арналған субсидиялар көлемдері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын 2016 жылға арналған өлшемдер мен талаптар;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуге 2016 жылға арналған субсидиялау нормативі;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін 2016 жылға арналған субсидиялау нормативі;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізудің 2016 жылға арналған өлшемдері мен талаптары бекітілсін.
2. Мыналар күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар облысының әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы" № 108/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3771 болып тіркелді, 2014 жылғы 29 сәуірде "Звезда Прииртышья" газетінде, 2014 жылғы 17 мамырда "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланды);
2) Павлодар облысының әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы" № 108/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 101/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4432 болып тіркелді, 2015 жылғы 25 сәуірде "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды).
3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы "22" ақпандағы № 44/2 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығының өнімділігін және
өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша 2016 жылға арналған субсидиялар көлемдері
| Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативтері, 1 бірлік үшін, теңге | Субсидияланатын көлем (бас, килограмм, дана) | Субсидиялау сомасы, мың теңге |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| мал шаруашылығы | ||||
| Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 3 000 | 4 050 | 12 150 |
| етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | ||||
| Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу | | | | |
| тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы | бас | 18 000 | 38 189 | 687 402 |
| асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 13 764 | 275 280 |
| жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 104 000 | 24 | 2 496 |
| Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу | | | | |
| отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 1 497 | 230 538 |
| импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан) | бас | 200 000 | 191 | 38 200 |
| Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату: | | | | |
| 1-деңгей | кг | 300 | 749 075,05 | 224 722,515 |
| 3-деңгей | кг | 100 | 24 967,8 | 2 496,780 |
| Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу | бас | 24 000 | 3 712 | 89 088 |
| Барлық сомасы | | | | 1 562 373,295 |
| сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | ||||
| Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | | | | |
| асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 5 471 | 109 420 |
| жалпы табындарда сүтті және қос бағыттағы тұқымдық бұқаларды ұстап-бағу | бас | 104 000 | 25 | 2 600 |
| Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | | | | |
| отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 823 | 126 742 |
| импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан) | бас | 235 000 | 600 | 141 000 |
| импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 118 000 | 126 | 14 868 |
| Сүт өндірісінің құнын арзандату: | | | | |
| 1-деңгей | кг | 25 | 1 188 385 | 29 709,625 |
| 2-деңгей | кг | 15 | 1 282 756,6 | 19 241,348 |
| 3-деңгей | кг | 10 | 493 843,4 | 4 938,434 |
| Барлық сомасы | | | | 448 519,404 |
| жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | ||||
| Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: | | | | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 2-деңгей | дана | 2,6 | 14 947 703 | 38 864,026 |
| Барлық сомасы | | | | 38 864,026 |
| жылқы шаруашылығы | ||||
| Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 40 000 | 157 | 6 280 |
| Қымыз өндірісінің құнын арзандату | кг | 60 | 3 660 | 219,600 |
| Барлық сомасы | | | | 6 499,600 |
| шошқа шаруашылығы | ||||
| Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | бас | 15 000 | 36 | 540 |
| Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату | кг | 98 | 378 064 | 37 050,272 |
| Барлық сомасы | | | | 37 590,272 |
| қой шаруашылығы | ||||
| Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | | | | |
| тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы, асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 18 855 | 28 282,500 |
| Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | бас | 8 000 | 980 | 7 840 |
| Қой еті өндірісінің құнын арзандату: | | | | |
| 2-деңгей | кг | 100 | 2 489 | 248,900 |
| Барлық сомасы | | | | 36 371,400 |
| бал ара шаруашылығы | ||||
| Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бал ара ұясы | 10 000 | 250 | 2 500 |
| Барлық сомасы | | | | 2 500 |
| Барлығы | | | | 2 132 718 |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы "22" ақпандағы № 44/2 қаулысына 2-қосымша |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда
және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық
басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсетілетін
қызметтерді жеткізушілерге қойылатын 2016 жылға
арналған өлшемдер мен талаптар
| Р/с № | Өлшемдер мен талаптар |
| 1. | Жұмыс мерзімі мал асылдандыру инспекциясы саласындағы уәкілетті органнан тізілім бойынша расталуымен ірі қара малды қолдан ұрықтандыруда жұмыс тәжірибесінің болуы |
| 2. | Көлік криоген цистернасы түріндегі арнайы ыдыспен жабдықталған сұйық азотты тасымалдауға арналған жеке меншік құқығында немесе ұзақ мерзімді жалдауда арнайы автокөліктің болуы |
| 3. | Жеке меншік құқығында тұқымдық бұқалардың ұрығын сақтайтын СДС-35 түріндегі арнайы ыдыстың болуы |
| 4. | Штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлердің болуы |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы "22" ақпандағы № 44/2 қаулысына 3-қосымша |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда
және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық
басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды
100%-ға дейін өтеуге 2016 жылға арналған субсидиялау нормативі
| Р/с № | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидиялау нормативі, теңге |
| 1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеу | бас | 3 000 |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы "22" ақпандағы № 44/2 қаулысына 4-қосымша |
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық
жұмыс жүргізу үшін 2016 жылға арналған субсидиялау нормативі
| Р/с № | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидиялау нормативі, теңге |
| 1. | Бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бал ара ұясы | 10 000 |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы "22" ақпандағы № 44/2 қаулысына 5-қосымша |
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыс жүргізудің 2016 жылға
арналған өлшемдері мен талаптары
| Р/с № | Өлшемдер мен талаптар |
| 1. | Есептік жылдың 1 қаңтарында бал ара ұяларының 100-ден кем емес (асыл тұқымды бал ара ұяларының көктемгі тексерудің актісі негізінде 100-ден кем емес) болуы |
| 2. | Бейіндік ғылыми ұйымның немесе бал араларын өсірумен айналысатын ғалымның ғылыми-консалтингтік сүйемелдеуінің болуы |
| 3. | Элитаның және 1-кластың үлес салмағы 50% кем емес |
| 4. | Ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды міндетті түрде жүргізу |