Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 22/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 наурызда № 4956 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау";
      2) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау";
      3) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау";
      4) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу";
      5) ""Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау".
      2. Павлодар облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:
      2014 жылғы 24 сәуірдегі "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 129/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді, 2014 жылғы 21 маусымда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды);
      2014 жылғы 25 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 129/4 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" № 309/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 болып тіркелді, 2014 жылғы 22 қазанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды).
      3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "2" ақпандағы
№ 22/1 қаулысымен
бекітілді

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар
кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру
бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының Павлодар обласындағы филиалы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар және белгіленген нысан бойынша өтінім көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін негіз болып табылады.
      5. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын беру және мемлекеттік қызметті көрсету операторының көрсету нәтижелерін алу сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 43 (қырық үш) жұмыс күні.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері оператордың өтінімін құжаттар топтамасымен бірге қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдағаны туралы өтінімнің расталған көшірмесін береді – 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы корсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімін анықтайды – 1 (бір) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды – 15 (он бес) минут;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы оператордың құжаттар топтамасын сараптау комиссиясының қарауына дайындайды. Сараптау комиссиясының мүшелері өтінімді қарайды, субсидия есебін жүргізеді, инвесторлар объектілерін қарауға шығады, инвестициялық субсидиялаудың тиісті/тиісті емес жобасы туралы қорытындыны дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы операторға сараптау комиссиясының құжаттарын жібереді – 6 (алты) жұмыс күні;
      5) оператор сараптау комиссиясының қорытындысымен бірге инвестициялық субсидиялау бойынша жобалар дайындайды. Өтінімдегі мәліметтерді анықтау мақсатында комиссия инвестордан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұрайды. Комиссияда сұралатын ақпараттарды инвестордың ұсыну мерзімі комиссияның хаттама шешімінде көрсетіледі (бірінші кезең). Инвестор салыстыру үшін растайтын және құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқасын комиссияның екінші кезеңінде қарау үшін операторға ұсынады – 33 (отыз үш) жұмыс күні;
      6) комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың ереженің критерийлерімен талаптарына сәйкестігін инвестициялық жоба бойынша өтінімдерді қарайды. Комиссия инвесторға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну туралы шешім қабылдайды. Комиссия операторға жұмысшы органының мөрімен расталған, комиссия мәжілісі хаттамасының үзінді қошірмесін береді – 3 (үш) жұмыс күні.
      7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің (әрекет) нәтижесі-инвестициалық субсидиялау бойынша облыс әкімнің орынбасары торағалығымен өткен комииссия отырысы мен комиссия хатшысы қол қойған және мөрімен растаған хаттама болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
      5) оператор;
      6) комиссия.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсетумен берушінің көрсетілетін қызметті құрылымдық бөлімшілері (қызметтерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен"элетрондық үкімет" "www.egov.kz" арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектісі инвестициялық
салынымдар кезінде жұмсаған
шығыстардың бір бөлігінің
орнын толтыру
бойынша субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар
кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру
бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы


Шартты белгілері


  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "2" ақпандағы
№ 22/1 қаулысымен
бекітілді

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының филиалы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының есебіне (мақұлдаған жағдайда) субсидия қаржысын аудару.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" № 9-1/1018 бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған құжаттар (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдеуді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын операторға тапсырған сәттен бастап:
      1-кезең: өтінімдерді мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім – 10 (он) жұмыс күні;
      2-кезең: оң шешім болған жағдайда, субсидияны аудару – 38 (отыз сегіз) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдің (іс-қимылдың) мазмуны және олардың орындалу ұзақтығы:
      1) жалдаушының ұсынған құжаттарын оператор тексереді, ұсыныс енгізеді, комиссияның қарауына береді – 5 (бес) жұмыс күні;
      2) комиссия жалдаушылар өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы хаттама түрінде шешім шығарады – бір мәжіліс шеңберінде;
      3) оператор комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды, хаттама үзіндісіне қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге, кредиторға кепіл беруші/сақтандыру ұйымына жібереді – 5 (бес) жұмыс күні (1 - кезең);
      4) көрсетілетін қызметті беруші Комиссияның оң шешімі қабылданғаннан кейін кепіли берушімен/сақтандыру ұйымымен жағдайлар және кепілдік беру субсидиясы/сақтандыру сыйлықақысы тәртібі туралы шарт жасайды – 5 (бес) жұмыс күні;
      5) кепіл берушіден/сақтандыру ұйымынан алынған хатты оператор қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті хатты жібереді – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;
      6) көрсетілетін қызметті беруші оператордан хатты алғаннан кейін субсидия аударуды жүзеге асырады – 5 (бес) жұмыс күні (2- кезең).
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандару шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының есеп шотына (мақұлданған жағдайда) субсидия қаражатын аудару.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) оператор;
      2) комиссия;
      3) көрсетілетін қызметті беруші.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсетумен берушінің көрсетілетін қызметті құрылымдық бөлімшілері (қызметтерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен"элетрондық үкімет" "www.egov.kz" арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру
мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің бизнес-процестерінің көрсету анықтамалығы


Шартты белгілері


  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "2" ақпандағы
№ 22/1 қаулысымен
бекітілді

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға
есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген
қосылған құн салығы сомасын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидиялар төлеу туралы шешім басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен рәсімделеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіңін маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап құжаттарды басшыға бұрыштама қою үшін жолдайды – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органдарын өтінімнің көшірмесін қоса бере отырып, оны алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді;
      өтінімде көрсетілген мәліметтерді және ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі мәліметтерді салыстырып тексеруді жүргізеді;
      субсидиялар төлеу туралы бұйрық жобасын дайындайды және оны басшыға бұрыштама қою үшін жолдайды – 8 (сегіз) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы субсидия төлеу туралы бұйрыққа қол қояды – 30 (отыз) минут;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 30 (отыз) минут.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің іс қимылының нәтижесі - субсидия толеу туралы шешім басқарма басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның бұйрығымен рәсімделеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлердің) өзара іс-қимылдың тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсетумен берушінің көрсетілетін қызметті құрылымдық бөлімшілері (қызметтерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен"элетрондық үкімет" "www.egov.kz" арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарға есептелген қосылған
құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы
сомасын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға
есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген
қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік
қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілері


  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "2" ақпандағы
№ 22/1 қаулысымен
бекітілді

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды
аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасын" (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді және құжаттарды басшыға бұрыштама қою үшін жолдайды – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы интернет-ресурсында құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексереді және көрсетілетін қызмет берушінің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне қосу жолымен есепке қоюды жүзеге асырады – 2 (екі) жұмыс күні.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің нәтижесі (іс-қимылдың) – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет–ресурсында орналастыру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсетумен берушінің көрсетілетін қызметті құрылымдық бөлімшілері (қызметтерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен "элетрондық үкімет" "www.egov.kz" арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұыймдарды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы
ұыймдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілері


  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "2" ақпандағы
№ 22/1 қаулысымен
бекітілді

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру
қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының ауыл шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) коммерциялық емес ұйым акционерлік қоғам "Мемлекеттік корпорация "Үкімет азаматтар үшін" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – одан әрі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынуы қажет.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
      6. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына тапсырады – 15 (он бес) минут;
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес субсидияның мөлшерін есептеп, төлем құжатын қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға тапсырады – 2 (екі) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төлем құжаттарын қарайды және қол қояды, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжатын ұсынады және қызмет берушінің кеңсе бөліміне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тапсырады - 2 (екі) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсынады - 15 (он бес) минут.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – одан әрі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжатын ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызмекерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіз болып табылады.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.
      12. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның операторына қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
      Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік копрорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторы Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
      5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
      6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
      13. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесін сипаттау:
      1) 6-процесс – ӨЭҮШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;
      2) 2-шарт – Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін тексеруі;
      3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      4) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алуы.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының, рәсімінің (іс-қимылының) тізбегінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген.

  "Ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерге
су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылдары

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №
1
2
3
4
5
1.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
2.
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес субсидияның мөлшерін есептеп, төлем құжатын қалыптастырады.
Төлем құжатын қарайды және қол қояды.
Субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжатын ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды.
3.
Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік) шешім
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына тапсырады.
Төлем құжатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін тапсырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына төлем құжатын жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тапсырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсынады.
4.
Орындалу мерзімі
15 (он бес) минут
2 (екі) жұмыс күні
1 (бір) жұмыс күні
2 (екі) жұмыс күні
15 (он бес) минут

  "Ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерге
су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру
қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік
қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілері