Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 6 маусымдағы № 23 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 шілдеде № 6531 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Мәслихаттың 2015 жылғы 23 маусымдағы № 331 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5744 тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4-нші кезектен тыс
сессияның төрағасы
Н. Булатов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Бараншина

      "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушысы

      ___________________ Е. Муржакупов

      2016 жылғы 6 маусым

      "Ұзынкөл ауданының экономика

      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушысы

      ______________________Н. Темная

      2016 жылғы 6 маусым

  Мәслихаттың
2016 жылғы 6 маусымдағы
№ 23 шешімімен бекітілген 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      3) алынып тасталды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 25.12.2019 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4) ең төменгi күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;

      9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      10) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 11.04.2019 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 15.02.2019 бастап туындаған қатынастарға таратылады); 25.12.2019 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күніне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 25.12.2019 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      5. Жеңіс күні – 9 мамыр мереке күні болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 25.12.2019 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Ай сайынғы әлеуметтiк көмек табыстарын есептемегенде:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген адамдарға, соғыс қатысушыларына жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен теңестiрiлген тұлғалардың басқа санаттарына, тұрмыстық қажеттiлiктеріне, 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде көрсетiледi.

      7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:

      1) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге табыстарынесепке алмай, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

      2) барлық cанаттағы мүгедектерге, шипажайларға және оңалту орталықтарына жол жүрімен керi қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшiн, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан

      шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға, қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, 15 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

      4) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсандажан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күнi халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретiнде тiркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде;

      5) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттiлiктеріне, 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде;

      6) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

      7) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, 300000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде;

      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан теңестiрiлген адамдарға, соғыс қатысушыларына жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен теңестiрiлген адамдардың басқа санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiне орай, 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      9) Қазақстан Республикасы оқу орындарында білім алумен байланысты, нақты құны бойынша оқуға ақы төлеу үшін, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі – білім) алған тұлғалар санынан, оқу жылы ағымында екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде, оқуға ақы төлеуге мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдердің түрлерін алушыларды, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды есептемегенде: өтiнiш жасаудың алдындағы соңғы он екi айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен (бұдан әрi – ең төменгi күнкөрiс деңгейi) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге көрсетіледі.

      10) алынып тасталды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 25.12.2019 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 02.02.2017 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2019 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 15.02.2019 бастап туындаған қатынастарға таратылады); 05.06.2019 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 09.05.2019 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады); 25.12.2019 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      8. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;

      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді органдар ең төменгі күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жанбасына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      9. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегi Қостанай облысы бойынша белгiленген бiр еселiк ең төменгi күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде орнату.

      10. Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетiлген жағдайлар туындаған күнiнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей көрсетiледi.

      11. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 25.12.2019 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген адамдар ай сайынғы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжатты;

      3) тұрақты тұрғылықтыжерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттыұсынады.

      14. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

      3) Үлгiлiк қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;

      4) осы Қағидалардың 7-тармағының 4), 5), 9)-тармақшаларында көрсетiлген адамдардың (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты.

      Әлеуметтік көмекті алушылар үшін, оқуға төлеуге халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қатысты растайтын құжат.

      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

      16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

      17. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгiлiк қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.

      Ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.

      18. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      19. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      20. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      21. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      22. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      23. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      24. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      25. Әлеуметтiк көмекті төлеу уәкiлеттi органмен екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтiк көмек алушының банктiк шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ұзынкөл ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорын пайдалана отырып жүргізеді.