1. Мәслихаттың 2016 жылғы 11 тамыздағы № 51 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6610 тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 2-тармағының 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"10) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;";
7-тармақ 1-1) тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"1-1) бiлiм беру гранттарының иегерлерi, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм алуға, сондай-ақ, екiншi техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алу үшiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлемдердiң өзге де түрлерiн алушылары болып табылатын мүгедектердi қоспағанда Қостанай ауданының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының оқу орындарында техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм алатын мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқытудың нақты құнының төлемімен 100 пайыз мөлшерiнде, бірақ жылына 200 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардағы туындаған қатынастарға таратылады.
Қостанай аудандық мәслихатының | |
кезектен тыс сессиясының төрағасы | В. Проценко |
Қостанай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Копжасаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ В. Панин
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ З. Кенжегарина