"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 27 мамырдағы № 224 "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекетттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5683 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Ережедегі, 21-тармақтың 11) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық |
|
мәслихатының кезектен |
|
тыс сессиясының төрағасы |
Т.Мырзагалиев |
Жангелдин аудандық |
|
мәслихатының хатшысы |
С.Нургазин |