"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 19 маусымдағы № 66 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5728 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдедеғі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2-тармақтарындағы "автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер салығының базалық" мәтіні аланып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Аудандық |
|
мәслихаттың кезектен |
|
тыс сессиясының төрағасы |
К. Досмұхамедов |
Денисов аудандық |
|
мәслихатының хатшысы |
А. Мұрзабаев |
"Денисов ауданының жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
___________________ С.А. Жанғабулов
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Денисов ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_______________________ Ә.Ж. Әкіжан