Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2016 жылғы 6 қазандағы № 77 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 қарашада № 6699 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің 8-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 387-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету осы шешімнің қосымшасына сәйкес жүзеге асырылсын.
      2. Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 201 "Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-129 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда "Костанай" газетінде жарияланған), мәслихаттың 2015 жылғы 13 тамыздағы № 346 "Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 201 "Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5876 тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте "Наш Костанай" газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы, № 8 сайлау
округі бойынша депутаты
Н. Шагабутдинова
      Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы
Б. Сандыбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік кірістер
      комитеті Қостанай облысы бойынша
      мемлекеттік кірістер департаментінің
      Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ С. Доненбаев
      6 қазан 2016 жыл
      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________ С. Жусипбеков
      6 қазан 2016 жыл

  Мәслихаттың
2016 жылғы 6 қазандағы
№ 77 шешіміне қосымша

Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету


р/с
Аймақтың нөмірі
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату коэффициенті
1
1
1,50
2
2
1,45
3
3
1,40
4
4
1,35
5
5
1,30
6
6
1,25
7
7
1,20
8
8
1,10
9
9
1,00