Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 09.02.2024 № 80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 09 ақпандағы №291 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Наш Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
2, 3 - тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаменті – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтінішпен жүгінеді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, | |
№ 20 сайлау округі | |
бойынша депутаты | А. Кабдулинова |
Қостанай қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Сандыбеков |
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ С. Умаров
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Н. Дорошок