"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 507 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 желтоқсанда № 6734 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 507 қаулысымен бекітілген

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13652 болып тіркелген) бекітілген "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан стандарттың қосымшасына сәйкес өтінішті қабылдау болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдайды, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – құжаттар топтамасын қабылдау;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды (жер қатынастары бойынша уәкілетті орган), тиісті бұрыштама қояды, 1 (бір) жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасының заңнамаға сәйкестігін қарап, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді, 25 (жиырма бес) жұмыс күні, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасы толық ұсынбаған кезде, не болмаса егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалардың тізілімінде тұрса, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жазбаша жауап береді.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасы не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жазбаша жауап;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 3 (үш) жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі –жер учаскесіне құқық беру туралы қол қойылған шешім;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді береді, 1 (бір) жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы (жер қатынастары бойынша уәкілетті орган).
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдайды, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 15 (он бес) минут.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны (жер қатынастары бойынша уәкілетті орган) анықтайды, тиісті бұрыштама қояды, 1 (бір) жұмыс күні.
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасының заңнамаға сәйкестігін қарап, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді, 25 (жиырма бес) жұмыс күні, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасы толық ұсынбаған кезде, не болмаса егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалардың тізілімінде тұрса, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жазбаша жауап береді.
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 3 (үш) жұмыс күні.
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді береді, 1 (бір) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

  "Сауда-саттықты
(конкурстарды, аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
Регламентіне қосымша

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


Шартты белгілер