1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін.
2. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазанындағы № 455 "Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6031 болып тіркелген, 2015 жылдың 15 желтоқсанында "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 418 қаулысына 1-қосымша |
Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
№ р/н | Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Тұтынудың орташа айлық нормасы |
1 | Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда | бір адамға шаққандағы текше метр | 10,6 |
2 | Пәтерде газ плитасы және газ су қыздырғыш болған жағдайда (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда) | бір адамға шаққандағы текше метр | 25,8 |
3 | Пәтерде газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газбен су қыздырғыш болмаған жағдайда | бір адамға шаққандағы текше метр | 15,5 |
4 | Тұрғын үй-жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жеке (пәтер бойынша) жылыту | бір шаршы метрге шаққандағы текше метр | 14 |
Әкімдіктің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 418 қаулысына 2-қосымша |
Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
№ р/н | Тұрғын үй түрі | Өлшем бірлігі | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым |
1 | 1-бөлмелі жатақхана | кВт | 164,1 | 144,6 | 155,1 | 144,6 | 146,7 | 141,0 |
2 | 1-бөлмелі | кВт | 237,9 | 200,4 | 201,9 | 173,4 | 168,3 | 159,0 |
3 | 2- бөлмелі | кВт | 287,1 | 237,6 | 233,1 | 192,6 | 182,7 | 171,0 |
4 | 3- бөлмелі | кВт | 311,7 | 256,2 | 248,7 | 202,2 | 189,9 | 177,0 |
5 | 4- бөлмелі | кВт | 336,3 | 274,8 | 264,3 | 211,8 | 197,1 | 183,0 |
6 | 5- бөлмелі | кВт | 360,9 | 293,4 | 279,9 | 221,4 | 204,3 | 189,0 |
7 | 6- бөлмелі | кВт | 410,1 | 330,6 | 311,1 | 240,6 | 218,7 | 201,0 |
№ р/н | Тұрғын үй түрі | Өлшем бірлігі | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан |
1 | 1-бөлмелі жатақхана | кВт | 145,5 | 147,9 | 146,4 | 158,1 | 157,8 | 165,9 |
2 | 1-бөлмелі | кВт | 163,5 | 173,1 | 180,6 | 213,9 | 226,2 | 245,1 |
3 | 2- бөлмелі | кВт | 175,5 | 189,9 | 203,4 | 251,1 | 271,8 | 297,9 |
4 | 3- бөлмелі | кВт | 181,5 | 198,3 | 214,8 | 269,7 | 294,6 | 324,3 |
5 | 4- бөлмелі | кВт | 187,5 | 206,7 | 226,2 | 288,3 | 317,4 | 350,7 |
6 | 5- бөлмелі | кВт | 193,5 | 215,1 | 237,6 | 306,9 | 340,2 | 377,1 |
7 | 6- бөлмелі | кВт | 205,5 | 231,9 | 260,4 | 344,1 | 385,8 | 429,9 |
Әкімдіктің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 418 қаулысына 3-қосымша |
Қостанай облысында есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
№ р/н | Тұтыну сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормасы бойынша: | ||
сумен жабдықтау (оның ішінде): | су бұру | ||||
суық су | ыстық су | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Көшедегі су тарататын колонкалардан су тартылып алынатын тұрғын үй (ағын суды кәрізге ағызу арқылы) | 1 адамға тәулігіне литрден | 45 | - | 45 |
2 | Көшедегі су тарататын колонкалардан су тартылып алынатын моншасы бар тұрғын үй (ағын суды кәрізге ағызу арқылы) | 1 адамға тәулігіне литрден | 70 | - | 70 |
3 | Күрделі су құбыры бар кәрізсіз жеке жылытылатын тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 75 | - | - |
4 | Күрделі су құбыры бар кәрізсіз жеке жылытылатын және моншасы бар тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 90 | - | - |
5 | Скважинасы бар және ағын суды кәрізге ағызатын тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | - | - | 110 |
6 | Су құбыры, кәрізі бар, шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үй, сондай-ақ күрделі су құбыры және кәрізі бар ваннасыз тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 110 | - | 110 |
7 | Күрделі су құбыры, кәрізі (септигі) бар, газбен жабдықталған орталықтандырылған жылуы жоқ тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 120 | - | 120 |
8 | Күрделі су құбыры, кәрізі бар, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған, қолжуғыштармен, жуғыштармен және душтармен (табандық) жабдықталған тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 130 | 70 | 200 |
9 | Күрделі су құбыры, кәрізі бар, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған, ыстық сумен жабдықтау қажеттіліктері үшін суды жылу беру жүйесінен алған кезде пайдаланылатын қолжуғыштармен, жуғыштармен және душтармен жабдықталған тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 145 | - | 145 |
10 | Күрделі су құбыры, кәрізі, ванналары (моншалары) бар, қатты отынмен жұмыс істейтін су жылытқыштары (титан) бар тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 150 | - | 150 |
11 | Күрделі су құбыры, кәрізі, орталықтандырылған ыстық суы бар, қолжуғыштармен, жуғыштармен және отыратын ванналармен жабдықталған тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 165 | 110 | 275 |
12 | Күрделі су құбыры, кәрізі, ванналары бар, орталықтандырылған ыстық сумен, қолжуғыштармен, жуғыштармен және душтармен жабдықталған тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 180 | 120 | 300 |
13 | Күрделі су құбыры, кәрізі, ванналары (моншалары) және газбен су жылытқыштары бар тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 200 | - | 200 |
14 | Күрделі су құбыры, кәрізі, ванналары және моншалары бар, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған тұрғын үй (коттедж) | 1 адамға тәулігіне литрден | 220 | 150 | 370 |
15 | Күрделі су құбыры, кәрізі, ванналары, моншалары және бассейндері бар орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған тұрғын үй (коттедж), сондай-ақ көп нүктелі су тартылып алынатын және тез жұмыс істейтін су жылытқыштары бар коттедждер | 1 адамға тәулігіне литрден | 250 | 200 | 450 |
16 | Орталықтандырылған ыстық сумен, қолжуғыштармен, жуғыштармен жабдықталған, жалпы душтары бар тұрғын үйлер | 1 адамға тәулігіне литрден | - | 60 | 60 |
17 | Орталықтандырылған ыстық сумен, қолжуғыштармен, жуғыштармен жабдықталған, ваннасыз және душсыз (тек жуғыштары бар) тұрғын үйлер | 1 адамға тәулігіне литрден | - | 35 | 35 |
Әкімдіктің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 418 қаулысына 4-қосымша |
Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
№ р/н | Атауы | Өлшем бірлігі | Жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы |
1 | Жылу беру маусымы кезеңінде жылумен жабдықтау | айына Гкал/м2 | 0,032 |