Әкімдіктің 2014 жылғы 27 қазандағы № 528 "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 102 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 наурызда № 6251 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 502 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 07.11.2016 № 502 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 528 "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5178 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов